Головкин ҚР ҰОК президенті лауазымына қашан сайлануы мүмкін?

Головкин ҚР ҰОК президенті лауазымына қашан сайлануы мүмкін?
Фото: ©Matchroom Boxing

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінде (ҰОК) өзгерістер болады. Биылғы кезектен тыс сайлау 26 ақпанға жоспарланып отыр. 

26 ақпанда Ұлттық Олимпиада комитетінің конгресі өтеді. Тимур Құлыбаев сол күні өз орнын босатуы мүмкін. Жаңа президент Головкин бола ма жоқ па сол күні анықталады, - деп жазады Bek Sport телеграм арнасы. 

Ал Ұлттық Олимпиада комитеті өзгерістер мен сайлау жайлы ресми хабарлама жариялады. 

Қазақстан Республикасы ҰОК басқару жүйесі Қазақстан Республикасы ҰОК Жарғысына қатаң сәйкес сайлану және алқа қағидаттары негізінде жұмыс істейді. Оның ережелері Олимпиадалық Хартия ережелері мен ХОК этикалық кодексі аясында Халықаралық Олимпиада комитеті белгілеген талаптарға сәйкес алдын ала бекітілген.

Қазақстан Республикасы ҰОК басқару органдары немесе лауазымды тұлғалардың ешқайсысы лауазымды тұлғаның  жеке шешімімен тағайындалмайды.

Барлық басқару органдарының өкілеттік мерзімі – 4 жыл. Басқару органдарының барлық мүшелері мен лауазымды адамдар өз қызметін ерікті түрде жүзеге асырады, еңбекақы және басқа да сыйақы төленбейді. Сайлау Тәуелсіз сайлау комиссиясының басшылығымен жасырын дауыс беру арқылы өтеді, оны да Қазақстан Республикасы Ұлттық сайлау комиссиясының мүшелері сайлайды. Басқару органдарына немесе лауазымды тұлғаға (орынға) сайлауға барлық үміткерді тек қана Қазақстан Республикасы ҰОК мүшелері ұсынады, - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, осыған дейін ҚР ҰОК президенті лауазымына кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин тағайындалатыны жайлы ақпарат тараған болатын. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай