Енді Ұлттық Олимпиада комитетін Құлыбаев емес Головкин басқаруы мүмкін - дереккөз

Енді Ұлттық Олимпиада комитетін Құлыбаев емес Головкин басқаруы мүмкін - дереккөз

Тимур Құлыбаевтың Ұлттық Олимпиада комитетіндегі басшылық орнына Геннадий Головкин келуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы сарапшы Ербол Еділов телеграм арнасында хабарлады. 

"Кейбір деректерге сүйенсек, Геннадий Головкин Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетін басқарады деп күтіліп отыр", - дейді Ербол Еділов.

Еске салайық, бұған дейін телеграм арналарда Кеңес Рақышев бокс федерациясының басшысы қызметінен кететіні айтылған болатын. Ал бүгін Рақышев қызметінен кетіп, орнына Шахмұрат Мүтәліп тағайындалды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина