Абат Айымбетовтың түрік клубында қанша жалақы алатыны белгілі болды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетовтің "Адана Демирспор" командасындағы жалақысы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Meta-ratings.kz-тің мәліметінше, ол түрік клубында 25 миллион теңгеден астам жалақы алады.

"Адана Демирспордағы" футболшылардың орташа жалақысы жылына шамамен 500-700 мың еуро болады, бұл - шамамен 25-35 миллион теңге. Қазақстандық форвард та дәл осындай жалақы алатыны айтылды.

Еске салайық, Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Түркияның "Адана Демирспор" командасына ауысты. Қос тарап 1.5+1 жүйесі бойынша келісімшартқа қол қойды. 

Түркиялық клуб қазақстандық футболшыны қатарына қосқаны жайлы ресми хабарлап, "Біздің отбасыға қош келдің! Сәттілік тілейміз!" деп жазды. 

"Адана Демирспор" қазір Түркия Суперлигасында 31 ұпаймен 8-орында келеді. 

Абат Айымбетов "Қайрат" және "Ақтөбе" клубтарында ойнады. Алдыңғы маусымда "Астанада" ойнап, 45 ойында 10 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз