Абат Айымбетов "Адана Демирспорда" ойнайды

Абат Айымбетов "Адана Демирспорда" ойнайды

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Түркияның "Адана Демирспор" командасына ауысты. Қос тарап 1.5+1 жүйесі бойынша келісімшартқа қол қойды. 

Түркиялық клуб қазақстандық футболшыны қатарына қосқаны жайлы ресми хабарлап, "біздің отбасыға қош келдің! сәттілік тілейміз!" - деп жазды команда. 

"Адана Демирспор" қазіргі таңда Түркия Суперлигасында 31 ұпаймен 8-орында келеді. 

Абат Айымбетов "Қайрат" және "Ақтөбе" клубтарында ойнады. Өткен маусымда "Астанада" ойнап, 45 ойында 10 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді. 

Айта кетейік, Абаттан өзге Түркия чемпионатында Бахтиер Зайнутдинов та ойнайды. Ол "Бешикташ" командасының негізгі құрамында алаңға шығып жүр.

Түркия Суперлигасында қазақстандық футболшылар легионер болып саналмайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай