Темпераментіңізге сай киіне аласыз ба?

Темпераментіңізге сай киіне аласыз ба?

Біз осыған дейін дене бітімі ерекшелігіне («алма», «алмұрт»,«банан») қарай киіну туралы әңгімелеген едік. Тағы бір ескеретін жайт, ол – адамдардың темпераменттері: холерик, сангвиник, флегматик және меланхолик.

Бұлардың сәнге, киіну стиліне деген көзқарасы төрт түрлі. Өзіңіздің қай темпераментке жататыныңызды білу үшін мына сілтемеге өтіңіз.

Бұл неліктен маңызды?

Стилистер холерик пен сангвиникке олардың белсенділігін тежейтін стильде, ал флегматик пен меланхоликке, керісінше, қозғалыс беретін стильде киіну қажеттігін айтады.

Холерик. Бұлар – нағыз сәнқойлар. Ауа райы сияқты құбылатын мінездеріне сай, киімді де түрлендіріп киюден еш жүрексінбейді. Алайда киіну стилі де көңіл-күйіне байланысты. Бір күні ешкім талап етпесе де қатаң дрес-кодпен, екінші күні casual стилімен, үшінші күні спорттық стильде келе салу холерик үшін түкке тұрмайды. Алыстан «мен мұндалап» тұрған сары, жасыл, көк түстерді жасқанбай пайдаланады. Жаңалыққа жаны үйір, ұнаса бағасына да қарамайды. Бұлардың кемшілігі кейде асығып жүріп, үйлескен-үйлеспегенін аңдамай қалады. Сондықтан оларға стилистер көбіне, нейтрал (қара, қоңыр, camel) түстегі классикалық үлгідегі киімдерді ұсынады.

Сангвиник. Бұлар – басшы, ұжымдағы бейформал көшбасшылар және оптимистер. Соңғы жаңалықтарды (сән саласындағы да) қалт жібермей бақылап отырады. Олар киімді таңдап, талғап киіп, өзгелерге ұқсамауға тырысады. Стилистер бұлардың осы ерекшеліктерін ескере отырып, сангвиниктерге күрделі пішілген, сәнді детальдары бар қымбат матадан тігілген костюмдер мен көйлектерді, сырт киімнен ішіктер мен кашемир пальтоларды (ашық түстегі де болады) киюге кеңес береді.

Жалғасы бар...

Сурет: ©Фархат Тоқтаров

Оқи отырыңыз:

Адам көркі – шүберек

Ақшаны үнемдей отырып қалай әдемі киінуге болады?

Соңғы сәнмен киіну неліктен ерсі көрінеді?

Сұлу да сымбатты көрінудің жолдары #3

Ф. Абилова