Сұлу ханшайымдар! Біз бүгін тағы бір оңай жасалатын шаш сәнін үйренеміз. Ол үшін бізге:
- Тарақ
- Бір резеңке
- Шашқа арналған аксессуар (гүл) керек.
| Шашты жайып, мұқият тараймыз. | |
| Шашты екіге бөлеміз. | |
| Шашты төрт өрім түрімен өруді бастаймыз. Бұл өрім түрінің жасалу жолы мына жерде. | |
| Өрімнің ұшын тарқатылып кетпеуі үшін резеңкемен байлап қойып, шаштың екінші бөлігін дәл солай етіп өреміз. | |
| Өріп болған соң, шаштың сол жағына тағылған резеңкені алып тастап, екі өрімді қосамыз. | |
| Ұшына жұқа резеңке тағамыз. | |
| Үстінен өз қалауыңызша шаш аксессуарын таға аласыз. Немесе аксессуарсыз жұқа резеңкемен де қалдыруға болады. Шаш сәні дайын! | |
| Модель: Қарлыға Бүйенбай Сурет: Нұрбол Нұрмаханұлы Автор: Мейіргүл Оңғарова |