Massaget.kz порталының сүйікті сұлулары! Біз бүгін қарапайым шаш өруді түрлендіріп көрсететін шаш үлгісін жасаймыз.
Ол үшін бізге:
- 2 резеңке
- тарақ керек.
![]() | Шашты тарап, шаш үлгісін жасауға дайындаймыз. |
![]() | Шаштың ортасынан мынадай етіп бір бума бөліп аламыз. |
![]() | Өру барысында екі жағындағы шаш кедергі келтірмеуі керек. |
![]() | Кәдімгі үш өрім етіп бөлінген шашты өреміз. |
![]() | Ұшын резеңкемен байлаймыз. |
![]() | Өрілген шашты ендігі үш өрімнің бір тармағы етіп, тағы да қарапайым шаш өру әдісімен өреміз. |
![]() | Сонда бізде мынадай өрім пайда болады. Өрілген шашты резеңкемен байлаймыз. Шаш сәні дайын! |
Модель: Қарлыға Бүйенбай Басты суретті өңдеген: Ардақ Құлтай Сурет: Нұрбол Нұрмаханұлы Автор: Мейіргүл Оңғарова | Шаш сәні: Жұқа шашқа арналған шаш өрімі |
