- Негізгі бет
- Сән
- "Нормкор" қандай стиль?...
"Нормкор" қандай стиль?
Нормкор яғни, Normcore ағылшын тілінің normal (қарапайым, қалыпты) және hardcore (үздіксіз, үнемі) сөздерінің бірігуінен пайда болған. Бұл стиль атауы алғаш рет 2009 жылы Urban Diсtionary сөздігінде шыққан. Бірақ 2014 жылдың басында «New York Magazine» сән журналы жазғаннан кейін ғана танымалдығы артып, осы жылдың нағыз трендтерінің біріне айналды. Нормкор стилінің ерекшелігі – еленбей тұрып-ақ, ерекшелену. Басқа сөзбен айтқанда, жұрт сияқты киіне отырып, сәннен хабарың бар екенін жеткізу.
Қазіргі таңда сән әлемінің жаңалықтары жарықтың жылдамдығындай өте тез өзгеруде. Әр маусымның сәнінен қалмай киінуден шаршасаң, нормкор стиліне бет бұр. 90 жылдарда сәнде болған өлшемі жоқ футболка, жанкүйерлер киетін бейсболка, спорттық шұлықтар, водолазка, сүйретпелер, кроссовкалар қайта айналып келді. Дұрыс киінудегі қалыптасқан стереотиптерді бұзып, өзіне ыңғайлы етіп кисе болғаны.
Нормкор стилінде киінушілер сүйретпе аяқ киімдерге қарсы емес. Әрі оны кез келген киім дүкендерінен алуға болады.
Бұл стильді атақты адамдардың киіну үлгісі арқылы түсіндірер болсақ, үнемі қара водолазка, New Balance кроссовкасы және Levi’s 501 джинс шалбарын киген Стив Джобс нақты мысалымыз болар еді.
«Бұл - жай ғана мен киетін киім және қалған өміріме осы жетеді» деген екен «Алманың» негізін салушы.
Ең бастысы, өзіңізге ыңғайлы, жарасымды киінсеңіз жетіп жатыр емес пе?
Дайындаған: Назерке Смағұл
Сурет: avoka.do, vev.ru
Оқи отырыңыз:
Ертең не киетініңізді білмейсіз бе?
Күз-қыс 2014-2015: сәнді түстер, реңктер мен принттер
Күз-қыс 2014-2015: сәнді түстер, реңктер мен принттер (жалғасы)
Y. Smaghul