- Негізгі бет
- Сән
- Күз-қыс 2014-2015: сәнді...
Күз-қыс 2014-2015: сәнді түстер, реңктер мен принттер (жалғасы)
Жаңа маусым қарсаңында күз-қыс 2014-2015-тің ең өзекті түстері мен принттерімен таныстыруды жалғастырамыз. Ең негізгі принттер жайлы алдыңғы мақаламызда айтып өткен болатынбыз.
Табиғат пен урбанистика
Нақтылауды қалайтындар үшін дизайнерлер қалалар, ағаштар немесе орман мекендеушілері бейнеленген урбанистикалық принттерді ұсынады. Alberta Ferretti, Dolce&Gabbana және Antonio Marras топтамаларынан қызықты нұсқаларды кездестіруге болады.
Alberta Ferretti, Antonio Marras, Dolce & Gabbana
Графикалық оп-арт
Анималистік және урбанистикалық принттерге деген жарқын махаббатына қарамастан, дизайнерлер оп-арт стиліндегі графикалық принттер тақырыбын жалғастыруда. Бұл жолы әр түрлі қиғаш жолақтар – зигзагтар, спиральдар мен толқындар сәнде. Бұларды Dries Van Noten, Acne, Kenzo топтамаларынан кездестіруге болады.
Antonio Marras, Diane von Furstenberg, DKNY
Принттер тақырыбын абстрактылы түрде пэчворк техникасын еске салатын өрнектер мен жинақы геометрия жалғастырады.
Fendi, Valentino, Burberry Prorsum
Өсімдік және гүлді принттер
Өсімдік принттері жаңа маусымда да бізбен бірге қалады. Суық ауа-райына қарамастан, дизайнерлер бастан-аяқ өзіңізге ұнаған принтті кие аласыз дейді. Қалай көрінетінін Tory Burch пен Paul Smith топтамаларынан көре аласыздар.
Kenzo, Tory Burch
Гүлді принттер күзде де өзекті екеніне Dolce&Gabbana мен Elie Saab топтамалары дәлел.
Antonio Marras, Elie Saab
Сәнді тор
Торлы жемпірлер мен жүн пальтолар әр маусымда гардеробымызда табылады. Тор принтпен сәнді үлгілерді Missoni, Vivienne Westwood, Comme des Garsons пен Escada көрсетті.
Marc by Marc Jacobs, DKNY
Жасөспірім принттері мен спорт-сәулет
Былтырғы маусымнан жаңасына спорт сән әлемінен сандар мен жазбалары бар ірі принттер келді. Күз-қыс маусымында бұларға Tom Ford, Miu Miu мен Balenciaga ден қойды.
Tom Ford, Marc by Marc Jacobs
Жасөспірімдік жалын жетіспейтіндерге қаһармандар мен поп-арт стиліндегі арт-принттерге назар аударуға шақырамыз. Бұларды Moschino мен Yoji Yamamoto топтамаларынан кездестіруге болады.
Marc by Marc Jacobs, Yohji Yamamoto
Жарқын күз тілейміз!
Сурет: passion.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina