- Негізгі бет
- Сән
- Күз-қыс 2014-2015: сәнді...
Күз-қыс 2014-2015: сәнді түстер, реңктер мен принттер
Жаңа маусым қарсаңында біз сіздерге күз-қыс 2014-2015-тің ең өзекті түстері мен принттерін топтастырдық. Бұл маусымда бірнеше сәнді қайтып оралулар күтіп тұр. Бұл реңктердің сайран құруы әлі де жалғаса бермек...
Маусымның ең сәнді түстері
Күз-қыс маусымының түстер палитрасы көздің жауын алады. Әдеттегідей күзгі орман реңкі әлі де өзекті. Дизайнерлер екпінді күзгі жапырақтың күрең түстеріне – қанық жасылдан бастап, сары-қоңыр, қызғылт сары және шымқай қызыл түстерге қояды.
Burberry Prorsum, Alberta Ferretti
Céline, Elie Saab
Градиент реңктер
Маусымның басты тренді – түске сайма-сай түсті үйлестіру. Градиент реңктердің үйлесуін қамтамасыз етіңіз. Мысалы, бір топтамада сары, құм түстес және қоңыр немесе сарғыш түстердің үйлесімі әсерлі көрінеді.
Max Mara, Hermès
Ең сәнді түс – жасыл
Бұл маусымда дизайнерлер негізгі екпінді бөтелке түстес жасылдан бастап қою қанық көк-жасыл түске дейін – жасылдың барлық реңктеріне қояды. Бұл сәнді түсті Marc by Marc Jacobs, Valentino, Hermes, Isabel Marant, Just Cavalli топтамаларынан кездестіруге болады.
Alberta Ferretti, Balmain
Anna Sui, Dsquared²
Бекзат күлгін
Жасыл түске бекзат күлгіннің барлық реңктері бәсеке бола алады. Бұл палитраның табынушыларының бірі – дизайнер Anna Sui.
Anna Sui
Неон тағы да сәнде
Ерекшелікті қалайтын сәнқойлар үшін дизайнерлер неон түске назар аударуды ұсынады. Неонның осы маусымда сәнде екеніне Christian Dior-дың топтамасы дәлел.
Balmain, Christian Dior
Нәзік пастель түстер
Қанық түстердің басымдығына қарамастан дизайнерлер нәзік пастель реңктерінен бас тартпайды. Шабдалы түстес, ақшыл көк, жалбызды және алқызыл реңктер қыс маусымында өз орнын табуда. Желпілдек шифон мен жібектің орнына жайлы кашемир мен бекзат жүн маталар келді. Шабыт кілтін Jil Sander, Tod's, Chloe, Ralph Lauren топтамаларынан іздейміз.
Gucci, Tod's
Қызыл, қара, ақ
Қара-ақ классиканың орнына қызыл мен қараның үйлесімі орын алды. Бұл үйлесімге біз былтыр күз-қыс маусымында баға беріп үлгергенбіз. Бұл жолы Carven, Kenzo, Valentino сән үйлері осы үйлесімге тағы бір рет ден қойған екен.
Anna Sui, Emanuel Ungaro
Күз-қыс маусымында сонымен қатар ақтың барлық реңктері сәнде болады.
Barbara Bui, Chloé
Леопард принті – маусым хиті
Таза реңктердің басымдығына қарамастан, принттер де сән тұғырынан кетер емес. Жыртқыш леопард принтіне жаңбыр да, қар да қорқынышты емес. Бастан-аяқ леопардқа оранасыз ба, әлде аксессуарлар арқылы екпін қоясыз ба – бұл өз еркіңізде. Бұл трендке назар аударғандар қатарында – Gucci, Balmain, Chloe, Salvattore Ferragamo және тағы басқалар бар.
Balmain, Anna Sui
Жалғасы бар...
Сурет: passion.ru, splensilk.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina