- Негізгі бет
- Сән
- Көктемдік сәнді тенденция...
Көктемдік сәнді тенденция
Көктем мезгілі жақындаған сайын гардеробымызды жаңартуға асығамыз. Киім сатып алмас бұрын 2016 жылы көктемде сәнде болатын басты тенденциялармен таныс болыңыздар.
Гранж және панк
90 жылдардағы сән қайта оралып жатыр. Бір өлшемге үлкен, ескірген былғары күртелер, белі жоғары тұратын шалбарлар және тор майкалар сәнге айналып кетті. Сондықтан сол жылдардағы рок сахна жұлдыздарының киіну үлгісін зерттесеңіздер болады.
Балерина
2016 жылы көктемде жібектен немесе жұқа селдір кездемеден жасалған бірнеше қабатты белдемшелер сәнде болады. Нәзік түсті мұндай белдемшелерді 90 жылдарға сай тігілген киімдермен үйлестірген жөн.
Тор
"Тор тенденциясы" жоғарыда айтып өткен 90 жылдардан келген сәннің бірі. Торлы киімдер көктемгі сәнде кеңінен таралмауы мүмкін. Бірақ торлы киімдерді, соның ішінде белдемшелер мен көйлектерді жарастырып киюге болады.
Ақ түс
Ақ түс пен көктем-жаз мезгілі бір-бірінің ажырамас бөлшегі. Брендтер көпшілігі әр жыл сайын топтамасына міндетті түрде ақ түсті киімдерді қосады. Егер бірыңғай ақ түсті киінген ұнамаса, ашық әрі жарқын түсті киіммен үйлестіріп кисеңіз болады.
Пайетка
Көктемде жылтыр мата үстіне жылтыр жапсырылған матадан тігілген киімдер сәнде болады. Мұндай киімдерді кешкі кездесулерге және қонақтыққа киіп баруға болады.
А. Жапатова