Сән-2016: Нәзік түсті киімдер

Сән-2016: Нәзік түсті киімдер
Фото: rudaki.ru

Осыған дейін Pantone түстер инстиутының 2016 жылы сәнде болатын түстерді атағандығы туралы жазған болатынбыз. 2016 жылдың басты түсі атағын алқызыл кварц (Rose Quartz) пен көзге аса білінбейтін (Serenity) түстер алды. Осыған орай, қазір кез келген қала дүкендерінен сатып алуға болатын алқызыл, көгілдір түсті киімдерді ұсынуды жөн көріп отырмыз.

Жоғарыдағы көйлекті кеңсеге де, кешкілік отырыстарға да киіп баруыңызға болады. Өзіңізді кез келген жағдайда жайлы сезінуге мүмкіндік береді. Өйткені артық ашық-шашық жырықтары жоқ. 

Суреттегі жемпірлерге қарап, сіз де жылынып қалған шығарсыз. Тоқылған жемпір өте жұмсақ әрі үтіктеуді қажетсінбейді. Мұндай жемпірлерді бір жерге асығып бара жатқан кезде киюге болады. 

Бір кездері спорт-шек, нормкор, минимализм сынды стильдердің орнына келген Gucci жағаларын енді бойға нәзіктік сыйлайтын киімдер алмастырады. Мамандар бұл түстің сәнге айналуына Дисней ханшайымдарының әсері болғандығын айтады.

Жоғарыда алқызыл түспен бірге көгілдір түстің де келер жылда сәнге айналатыны туралы жаздық. Оның бірнеше реңкін таңдауыңызға болады. 

Ал жасы кіші қыздарымыз арқаға асынатын сөмкелердің түрлісін таңдай алады. Қалай десек те, келер жылда сәнде болатын түстер нәзіктігімізді айқындай түседі.

Қ. Бүйенбай