- Негізгі бет
- Сән
- Жазғы сәнді базалық...
Жазғы сәнді базалық киімдер
Жаз – тәжірибелер мен жаңа трендтер уақыты. Қыздардың көпшілігі жаздың келуімен өзгеріс жасағысы келіп, шаштарын бояйды немесе шаш үлгісін өзгертеді. Ал басқалары гардеробын жаңартқысы келеді. Трендте болғыңыз келсе, жазғы базалық киімдер тізімін ұсынамыз. Әрине, тренд өз орнымен, оның ішінен өзіңізге жарасатынын таңдаңыз.
Палаццо шалбар. Палаццо шалбар жазғы трендтің қатарына енді. Палаццо шалбарлар өте ыңғайлы және олар кең тұрады. Оны кез келген футболка, жейде немесе топтармен киюге болады.
Ақ жейде. Ақ жейде ешқашан сәннен кетпейді, тек оның пішіні аздап өзгеріп тұруы мүмкін. Мысалы, соңғы жылдары жейденің кең тұратын түрлері трендке айналды. Осындай кең тұратын ақ жейдені кез келген стильде үйлестіруге болады.
Ақ кроссовка. Кроссовканы көйлекпен де, шалбармен де кигенді ұнатсаңыз, ugly-pretty кроссовкасына көз салыңыз. Ол – 2018 жылдың тренді. Мұндай кроссовка табан пішіні сияқты болып келеді.
Белдік сөмке. Егер жазда ұстайтын ыңғайлы, қолайлы әрі шағын сөмке іздеген болсаңыз, белдік сөмкені қарап көріңіз. Оны кең көйлектермен, комбинезондармен және шалбардың белдігі ұқсатып тағуға да болады.
Гүлді принті бар көйлек. Гүлді принт – әйелдің нәзіктігін айқындайтын тренд. Биыл ұсақ гүлдер сәнге оралды.
Мюли. Мюли сәнді аяқ киімі қысқартылған шалбармен, тобықты ашатын кюлотпен, миди белдемшемен және миди көйлекпен керемет үйлесім табады. Ол киім үлгісіне нәзіктік қосады.
Cat-eyes күннен қорғайтын көзілдірігі. Микрокөзілдіріктер – 2018 жылдың хиті. Бұл мерзімде стилистер оның шағын және жіңішке, қабылан принтті түрін, қара және қоңыр түсін таңдауды ұсынады.
А. Жапатова