Матрица: 90-жылдар стиліндегі көзәйнек

Матрица: 90-жылдар стиліндегі көзәйнек
Фото: vk.com

Жаңа маусымның ең басты тренді – аса жіңішке көзәйнектер. Кезінде барша әлем тамсана тамашалаған «Матрица» фильміндегі бұйымның нағыз тенденцияға айналуына Джордж Кебурия есімді грузин дизайнері ықпал етті.

Қазіргі уақытта тренд қатарына енген кез-келген киімнің баламасын табу соншалық қиын болмағанымен, нақты осы көзәйнектер vintage-дүкендерде бола бермейді. Сол себепті, әйнегі жіңішке келетін бұйымды табудың оңай жолы – брендтің атауын білу. Біз сізге көмек болсын деген мақсатпен бірнешеуін ұсынып отырмыз.

«Матрица» фильміндегі а-ля Тринити немесе «Бригада» сериалындағы басты кейіпкер Саша Белый стиліндегі көзәйнектер Balenciaga, Emilio Pucci мен Courrèges топтамаларына енді.

Roberi & Fraud

George Keburia

Gentle Monster

Бұл бұйым басқа аксессуарлардай емес, оның үйлесімді нұсқасын таңдау үшін біраз әбігерге түсуге тура келеді.

Егер сіздің бетіңіздің формасы кішкентай болса, ойланбай-ақ жіңішке көзәйнек таңдай берсеңіз болады. Ал, бет формаңыз стандартты қалыптан сәл үлкендеу болған жағдайда үлкен әйнекті көзілдіріктер таққаныңыз дұрыс болады.

А. Оралқызы