Сәнде – гүлді принт

Сәнде – гүлді принт

Осы көктемде гүлді принт әйелдер сәнінің басты тренді деген мәртебеге нақты ие болды. Кең таралған тенденцияны қайта жасақтай отырып, дизайнерлер шұбар ала топтамаларымен көркемдіктің жаңа дәуірін ашып, екпінді заманауи сұлба мен пішімге қойды. Гүлді принтті маусымның басты трендтерінен топтамалар ұсынамыз.

Әлемдік подиумдардағы гүлді романтика жеңіл көйлектер, сәнді тога, қынама бел костюмдер, кең белдемшелер мен жібек комбинезондар түрінде ұсынылып, маусымның басты трендін біріктірді. Осы маусымда total look-пен қатар, бейнеге назды екпін беретін жекелеген гүлді нюанстар да сәнде, сонымен қатар ерлер гардеробының элементтері де қосылған – құрылымды пішілген қынама бел жакеттер, сызығы бар шалбарлар мен брогтер.

Ірі гүлшанақ

Moschino комбинезоны, Asos шортысы, Delpozo белдемшесі

Көктем-жаз 2014 маусымындағы гүлді тақырыптың айқын фавориттердің ішінде total look стиліндегі ірі гүлшанақтар бейнеленген абалажақ принт ерекшеленеді. Ірі раушан гүлдері бар белдемшелерді гүлдеген көктікен немесе түймедақты блузкалармен толықтыра отырып, гүлдеп тұрған саябақ әсерін тудыруға болады. Ал батыл сәнқойларға дизайнерлер өздерінің жаңа топтамаларында ірі көкнәрлар, қожағайлар, көбелекгүл мен экзотикалық орхидеялар бейнеленген аяқ киімдер мен аксессуарлардың таңғажайып түрлерін ұсынады.

Қыз қиялы

Nina Ricci блузкасы, Red Valentino көйлегі, Zara кофтасы

Егер өткен жазда гүлді принт пастель реңкінде ұсынылса, осы маусымда бұл текшені ұсақ бақша гүлдері бейнеленген жартылай селдір шифон көйлектер мен блузкалар толтырды. Барынша акварель эффектісі бар нәзік суреттерге таңдау жасаған дұрыс – гүлді өрнектер нәзігірек және әрең көріне отырып, көктем табиғатының фонында одан сайын романтикалық және әдемі бола түседі. Мұндай бейне көктемгі той-томалақ немесе мектеп бітіру кешіне тіпті жақсы үйлеседі.

Ақ-қара графика

Marni сарафаны, Kenzo комбинезоны, Giambattista Valli шалбары

Биылғы маусымда монохромға екпін беру арқылы гүлді принтке жаңа көзқарас ашылды – ақ-қара ірі гүлдер көпфункционалды жазғы сарафандар, жеңіл мақта бейзерлер мен кең жібек шалбарларда бүршік жарып, көктем-жаз 2014 кеңсе дресс-кодын біраз түрлендірді. Ірі гүлді сурет бұл жағдайда ақ аяқ киім мен аксессуарлармен тамаша үйлесіп, соның пайдасына таңдау жасауға үгіттейді.

Викториандық сарын

Reed Krakoff кофтасы, Zara көйлегі, Miu Miu белдемшесі

Бәлкім, ыстық жазға онша жақпайтын үлгілер болар, алайда өткен күзде өзекті болған қошқыл гүлді принттер мен викториандық сарын жазға да қалды. Қошқыл шифонда бейнеленген қызыл және қою қызыл гүлдер кешкі бейнені ортағасырлық романтикаға бөлеп, әйел жанының жұмбақтығы мен сырлылығын айқындай түседі. Алабажақ принтке қарағанда қошқыл екпін минимум макияжды талап етеді.

Өткенге саяхат

Erdem былғары бомбері, Preen торлы блузкасы, Asos шомбал табанды босоножка, TopShop сөмкесі

Гүлді принт осы маусымның көшбасшы трендін назарсыз қалдыра алмады. Жібек бомберлерімен, резиналы табанды шомбал босоножкаларымен, кедалар мен қонымды пішілген қысқа топтарымен қайта сәнге оралған 1990 жылдар стилі гүлді принттермен үйлесіп, бейнеге жастық жалын мен жаздық бейқамдықты береді. Музыкалық фестивальдерге өте орынды аксессуар – ұсақ гүлді принтті кенеп немесе деним-сөмке сай келмек.

Гүлді костюм

Givenchy, Salvatore Ferragamo, Ted Baker костюмдері

Шымыр ер сұлбасы мен ірі гүлді принттер: көптеген жетекші дизайнерлер әйел биязылығын айқындайтын осы үйлесімге екпін қойды. Ыстық ауа-райында шалбарды шортымен алмастыруға болады. Алабажақ гүлді принтті шалбарлы костюмді бейтарап аксессуарлармен және артқа түйілген шашпен баса көрсетуге болады.

Соңғы штрих

Dolce&Gabbana сөмкесі, Miu Miu туфлиі, Oscar de la Renta алқасы

Гүлді принт көктем-жаз маусымының басты аксессуарларында да міндетті түрде бейнеленген. Алабажақ алқа немесе ірі гүлдері бар сырғалар көктемгі бейнеге тамаша жарасады.

Сурет: bisquit-mag.ru, elle.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina