- Негізгі бет
- Сән
- "Ең үздік образ"...
"Ең үздік образ" анықталды!
Қыркүйек айынан бастап "Сәрсенбідегі сән" жобасын қолға алған едік. Жоба түрлі образды ел назарына ұсыну арқылы қыз-келіншектеріміздің талғамын арттыру мақсатында басталған болатын.
Бәйгеге төрт образ түскенін жақсы білесіздер:
- Құралай ұсынған Этникалық детальды заманауи образ
- Айдана ұсынған Еркін офистік образ
- Ардақ ұсынған Табиғи образ
- Маржан ұсынған "Street style" образы
Осы төрт образдың ішінен үздігін таңдауды оқырман құзырына қалдырдық. Дауыс беру үшін мөлшерленген 1 аптаның ішінде 359 адам дауыс беріп, оның 20,89 пайызын Этникалық детальды заманауи образ, 27,02 пайызын Еркін офистік образ, 14,21 пайызын Табиғи образ, 37,88 пайызын "Street style" образы еншіледі.
Пікір жазу барысында Еркін офистік образ бен "Street style" образы жанкүйерлері айрықша белсенділік танытқанын атап өткіміз келеді.
Өздеріңіз көріп отырғандай, "Street style" образы бәрінен басым түсіп, "Сәрсенбідегі сән" жобасының алғашқы жеңімпазы атанды! Маржанды құттықтай отырып, уәде еткеніміздей, образ авторының қанжығасына сәнді де стильді саяхат сөмкесін байлаймыз. Ал қалған үш сұлуымызға жобаға белсене қатысқаны үшін алғыс білдіреміз!
Еске салып өтейік, "Сәрсенбідегі сән" жобасы әрі қарай жалғасады. Ендігі кезекте сіз бен біз жігіттер сәнінің куәсі боламыз!
Автор: Мейіргүл Оңғарова
Сурет:©Massaget.kz
М. Оңғарова