Сәрсенбідегі сән: "Еркін офистік образ"

Сәрсенбідегі сән: "Еркін офистік образ"

"Сәрсенбідегі сән" атты жобамыз жалғасады. Аталған жобада 4 образ оқырман назарына ұсынылады. Үздіктердің ішіндегі үздік образды таңдайтын - сіздер, құрметті оқырман!

Бұл жолғы кейіпкеріміз Айдана – студент. Айдана еркін офистік стильді таңдапты.  

Аксессуарлары:

Сырға, алқа – Lady collection, көзілдірік – Gucci, сөмке – сыйлық, аяқ киім – Basconi, көйлек – Mixray 

"Өзім көк түсті киімдерді қатты ұнатамын. Өйткені көк – сәнді әрі ерекше түс, қараторы қыздарға да аққұбаларға да бірдей жараса береді. Коко Шанель: "Салтанатты киім ең алдымен ыңғайлы болуы керек. Олай болмаған жағдайда, бұл салтанатты киім емес", - деген екен. Мен үшін бірінші орында – киімнің ыңғайлы тұруы. Мен таңдаған образ негізінен кеңсе образы болғанымен, әмбебап дер едім, сабаққа, отырысқа, қыдыруға киіп бара беруге болады. Сән айналып келе береді. Қысқа көйлектер ешқашан сәннен шықпайды", – дейді Айдана. 

Айдананың таңдауы түскен көк түс 2014 жылғы күз айының ең сәнді түстерінің қатарына кіреді. Мұндай ашық көк түс сабыр, сенімділік, таза ниет түсі делінеді. Ал көйлектің қара түсті аяқ киім мен қара түсті сөмкемен бірге көрінуі бейнені сәнді офистік образға айналдырады. Шаштың жіберілуі қатаң офистік стильді жұмсартып, бейнені жинақы әрі еркін етіп тұр. Бейберекет шаш үлгісі 2014-2015 жылғы күз, қыс мезгіліндегі сәнді шаш үлгілерінің қатарында. 

Автор: Мейіргүл Оңғарова, Қарлыға Бүйенбай

Сурет: ©Мейіргүл Оңғарова

Сәрсенбідегі сән: "Этникалық детальды заманауи образ"

Р. Роза