Ең үздік образға дауыс бер! (дауыс беру аяқталды)

Ең үздік образға дауыс бер! (дауыс беру аяқталды)

Көзіқарақты талғампаз оқырман! Аптаның әр сәрсенбісінде шығатын "Сәрсенбідегі сән" жобасын бастаған едік. Жоба түрлі образды ел назарына ұсыну арқылы қыз-келіншектеріміздің талғамын арттыру үшін қолға алынған болатын. Осы жобаның қыздарға арналған бөлігі мәресіне жеткелі тұр. Біз бір-біріне ұқсамайтын 4 образды ұсындық. Ендігі кезек – сізде! Осы 4 образ ішінен ең жарасымды, талғамды, үйлесімді деп тапқан образыңызға дауыс беріңіз! Дауыс беру 1 аптаға созылады. Келесі сәрсенбіде біз Массагет оқырмандары үздік деп тапқан образды анықтаймыз! Одан кейін "Сәрсенбідегі сән" жобасының жігіттерге арналған кезеңі дәл осындай ережемен өз жалғасын табатын болады. 

Ендеше, бәйгеге түсетін образдар:

Құралай ұсынған Этникалық детальды заманауи образ

Айдана ұсынған Еркін офистік образ

Ардақ ұсынған Табиғи образ

Маржан ұсынған "Street style" образы

Дауыс беру қорытындысы бойынша "Ең үздік образ иесі" атанған ару Massaget.kz порталының арнайы сыйлығы – қазақы ою-өрнектермен әрленген, ішінде құрал-жабдықтары бар мынадай саяхат сөмкесіне ие болады. 


Іске сәт!

Автор: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: ©Massaget.kz

Басты көрнекі сурет: liveinternet.ru

"Ең үздік образ" анықталды

М. Оңғарова