«Беу, қыздар-ай» байқауының жеңімпаздары анықталды

«Беу, қыздар-ай» байқауының жеңімпаздары анықталды

17 қараша студенттер күніне орай еліміздегі ең сұлу студент қызды анықтап, қазақ қыздарының өзіне деген сенімділігін арттырып, талғамын жоғарылату мақсатында «Беу, қыздар-ай» студент арулар байқауын жариялаған едік. Университет табалдырығына қадам басып үлгермеген аруларымыздан да көптеп сұраныс түсуіне байланысты 10-11 сынып бойжеткендері қатысуына да рұқсат берген едік. 

2015 жылы 13 қазан – 6 қараша аралығында байқауға суреттер қабылданды, оның ішінде 17 бойжеткеннің суреттері мен олар туралы мәлімет көрсетілген материал жарияладық. Қазылар алқасы сараптап, 9 аруды таңдады. Ол арулар дауыс беру кезеңіне өткізілді.

Дауыс беру 10 қарашада сағат 10:47-де Массагет сайтында және ВКонтакте әлеуметтік желісінде басталып, 16 қарашада сағат 10:47-де тоқтатылды. 

Халықтың дауыс беруі бойынша, 1-ші орынды Аружан Сайлауова жеңіп алды. Аружан Сайлауоваға "Массагет көркі: Жаз" марапатын ұсынамыз. Жаз мезгілінде фотосессия өткізіп, суреттерін Массагет.кз сайтына шығатын материалдарда жариялаймыз. Әр ару өзіне күнделікті күтім жасауы керек. Атына заты сай жеңімпазымызға төмендегі косметикалық өнімдер жиынтығын тарту етуді жөн көрдік.

 

Ваннаға арналған тұз

Денеге арналған скраб

Сабын

Денеге арналған лосьон

Душқа арналған гель

2-ші орынды Жансая Хамидуллаева иеленді. Жансаяға "Массагет көркі: Күз" марапаты беріледі. Сурет өнеріне жаны жақын аруымыз күз мезгіліне сай көрінеді.

3-ші орынды Арна Қайрат жеңіп алды. Арнаға "Массагет көркі: Қыс" марапаты бұйырды.

4-ші орынды Жансая Қани алды. Жансая "Массагет көркі: Көктем" атауымен марапатталады, алдағы көктем мезгілінде фотосессия жасап, суреттерін материалдарда жариялаймыз. Күлімдеген күндей жүзі нұр шашып тұратын нәзік қызымызға көктем мезгілі үйлесімді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

А. Жапатова