«Беу, қыздар-ай» байқауы: Дауыс беру

«Беу, қыздар-ай» байқауы: Дауыс беру
Фото: fotokto.ru

17 қараша студенттер күніне орай еліміздегі ең сұлу студент қызды анықтап, қазақ қыздарының өзіне деген сенімділігін арттырып, талғамын жоғарылату мақсатында «Беу, қыздар-ай» студент арулар байқауын жариялаған едік. 6 қараша күні суреттер қабылдау тоқтатылды. 

Келіп түскен суреттерді тәуелсіз әділ-қазылар «Алдаспан» тобының мүшесі – Дулат Жақсылықов, «Mezzo» тобының мүшесі – Асан Нұрберген,  әнші – Әлібек Әлмәдиев,  «Massaget.kz» порталының журналисі – Бауыржан Жақсымбет, «Vesti.kz» сайтының редакторы – Дмитрий Дубовицкий сараптады. 

Дауыс беру кезеңіне өткен қатысушылар:

1. Аружан Сайлауова

2. Жансая Қани

3. Назым Айбынова

4. Көркем Нұрбекқызы

5. Арна Қайрат

6. Әмина Айдарбаева

7. Дана Мақсұтова

8. Жансая Хамидуллаева

9. Жансая Еркебаева

Оқырмандар әділ-қазылар таңдаған қатысушылар ішінен ұнатқан суреттеріне Массагет сайты және ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі бірлестік арқылы дауыс береді.

Дауыс беру 10-15 қараша аралығында өтеді.

Ең үздік деп танылған төрт ару «Массагет көркі» атағына ие болады, яғни әр жеңімпаз фотосессияға түсу арқылы жылдың әр мезгілін дәріптейді. Олардың фотолары тақырыпқа сәйкес мақалалардың басты суретіне қойылады.

Дауыс беру 16 қарашада тоқтатылады. 17 қараша студенттер мерекесі қарсаңында нәтижесін жариялаймыз.

Конкурсқа қатысты сұрақтар бойынша мына нөмірлерге хабарласа аласыздар: +7 727 388 81 18, +7 778 533 22 93 немесе Massaget.kz@gmail.com

А. Жапатова