«Беу, қыздар-ай» байқауы: Келіп түскен суреттер топтамасы #2

«Беу, қыздар-ай» байқауы: Келіп түскен суреттер топтамасы #2
Фото: қатысушылар архивінен

Әр қыздың өзіне тән сұлулығы, кербездігі, көркемдігі бар. Барлық қыз өзінше сұлу, өзінше сүйкімді. Сұлулардың ішіндегі ең сұлуды таңдау оңай шаруа емес. Алайда Массагет сайты үздік жобасын қолға алып отыр. 17 қараша студенттер күніне орай еліміздегі ең сұлу студент қызды анықтап, қазақ қыздарының өзіне деген сенімділігін арттырып, талғамын жоғарылату мақсатында «Беу, қыздар-ай» студент арулар байқауын жариялайды.

Байқауға қатысушылардан келіп түскен суреттер легін назарларыңызға ұсынып отыратын боламыз. Бүгінгі шығарылымдағы аруларымыз  Көркем Нұрбекқызы және Жансая Хамидуллаева.

Көркем Нұрбекқызы — Ақтөбе облысы Ойыл ауданында туып өскен. Қазір Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде білім алып жатыр. Филология факультетінде "қазақ филологиясы" мамандығының 1-курс студенті. Хоббиі спортпен шұғылдану және би билеу. Болашақта тележүргізуші болуды армандайды. Smart-casual стилінде киінгенді ұнатады. 


Жансая Хамидуллаева — Қызылорда қаласының тумысы. Мемлекеттік Гуманитарлық техникалық университетінің "техник бағдарламашы" мамандығы бойынша 1-курс студенті. Жансая өлең оқығанды және компьютер бағдарламаларымен жұмыс жасағанды ұнатады. Бос уақытында табиғатты суретке түсірумен және жаттығу залында шұғылданумен айналысады. Сонымен қатар, моншақтар мен алқалар жасағанды ұнатады.

Конкурсқа қатысу үшін 2015 жылы 6 қарашаға дейін суреттеріңізді Massaget.kz@gmail.com поштасына «СҰЛУЛЫҚ БАЙҚАУЫ» деген тақырыппен жіберу қажет.

Конкурсқа қатысты сұрақтар бойынша мына нөмірлерге хабарласа аласыздар: +7 727 388 81 18, +7 778 533 22 93 немесе Massaget.kz@gmail.com

Қазақ қыздарының барлығы ең сұлу деген атқа лайық. Өзіңізге сенімді болып, тартынбай тырысып көріңіз, байқаудан тыс қалмаңыз! Сіздің қолыңыздан бәрі келеді.

А. Жапатова