- Негізгі бет
- Сән
- «Беу, қыздар-ай» байқауы:...
«Беу, қыздар-ай» байқауы: Келіп түскен суреттер топтамасы #6
Әр қыздың өзіне тән сұлулығы, кербездігі, көркемдігі бар. Барлық қыз өзінше сұлу, өзінше сүйкімді. Сұлулардың ішіндегі ең сұлуды таңдау оңай шаруа емес. Алайда Массагет сайты үздік жобасын қолға алып отыр. 17 қараша студенттер күніне орай еліміздегі ең сұлу студент қызды анықтап, қазақ қыздарының өзіне деген сенімділігін арттырып, талғамын жоғарылату мақсатында «Беу, қыздар-ай» студент арулар байқауын жариялайды.
Байқауға қатысушылардан келіп түскен суреттер легін назарларыңызға ұсынып отыратын боламыз. Бүгінгі шығарылымдағы аруларымыз — Қани Жансая және Назым Айбынова.
Қани Жансая Ғалымқызы – Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген. Қызылорда Мемлекеттік медицина колледжінің 3-курс студенті. Хоббиі – кітап оқу, билеу және әуен тыңдау. Кез келген стильде жарасымды киінгенді ұнатады. Өмірлік мақсаты – білікті дәрігер болу және ата-ананың үмітін ақтау.
Назым Айбынова – Алматы қаласының тумасы. Қазақ Ұлттық университетінде Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша білім алады. Бос уақытында шет тілдерінде білімін жетілдіріп, әуен тыңдап, би билеуді ұнатады. Көбінесе романтикалық, эклектикалық стильдерде киінеді.
Конкурсқа қатысты сұрақтар бойынша мына нөмірлерге хабарласа аласыздар: +7 727 388 81 18, +7 778 533 22 93 немесе Massaget.kz@gmail.com
Қазақ қыздарының барлығы ең сұлу деген атқа лайық. Өзіңізге сенімді болып, тартынбай тырысып көріңіз, байқаудан тыс қалмаңыз! Сіздің қолыңыздан бәрі келеді.
@. @assel_assanova