Су маникюрі

Су маникюрі

Су маникюрі (water manicure) - нағыз өнер. Бұл - судың көмегімен жасалатын ерекше маникюр. Оны үй жағдайында жасау қиын емес. 

Ол үшін сізге:

- түбі шұңғыл ыдыс;

- түрлі лак;

- скотч;

- майлы крем;

- мақта (сүрткіш);

- тіс тазартқыш ағаш таяқша;

- лак кетіретін құрал;

- лак бекітетін құрал керек. 

Су маникюрін жасауды бастаймыз. 

Тырнаққа негіз жағамыз. Тырнақтың жан-жағына скотч жабыстырамыз немесе майлы крем жағамыз. Бұл лак тырнақтың терісіне жағылып қалмауы үшін жасалады.

Одан кейін лактарды бірінен соң бірін жылы суға тамызып, одан сурет жасаймыз. Тырнақты су бетіне батырып, пайда болған лактың жағылуын күтеміз. Тырнақты артық лактан тазартып, ерекше маникюр аламыз. 

Су маникюрінің жасалу жолын мына видеодан көрейік:

Оқи отырыңыз:

Гельді маникюр деген не?

Сәнді тренд: Екі түсті маникюр

Үй жағдайындағы маникюр: шеллакты кетіру

Сурет: caringmother.ru

М. Оңғарова