Сәнді тренд: Екі түсті маникюр

Сәнді тренд: Екі түсті маникюр

Қазірде тырнақты бір түске ғана бояу кешегі сән саналады. Заманауи сәнді маникюр кем дегенде екі түстен тұруы керек. Маникюрде қандай түстерді үйлестіруге болатындығы мен екі түсті лак жағу технологияларын анықтайық.

Әу баста маникюрдың мұндай түрі сән көрсетілімдерінде байқалды. Артынан жұлдыздар қызыл жолда екі түсті маникюрмен көріне бастады. Енді бұл трендті сәнқой арулар үйреніп алмасқа болмайды.

Күңгірт түстер

Осы маусымда екі түсті маникюр сәнді саналатын түстердің бірінің қатысуымен орындалуы шарт. Қара, қоңыр, қызыл және көк сынды күңгірт түстер суық маусымда сәннен шығар емес. Мұндай күңгірт, көңілсіз түстерді күміс, алтын, қола түстес жылтыр лактармен еш қорықпастан үйлестіруге болады.

Тырнақтың астыңғы не жоғарғы жағын жарқын түспен немесе бір тырнақты түгелімен жылтыр лакпен бояңыз. Әрине күңгірт түсті лактың үстіне жылтыр бояумен салынған түрлі өрнек те әдемі көрінеді.

"Ай маникюры"

Алдыңғы жазда сәнді саналған түрлі түстерде орындалған омбре маникюрі осы маусымда өз жалғасын "ай маникюрында" тапты. Сәнқой арулар бір түстің реңктерімен ғана шектелмей, түрлі, тіпті кереғар түсті маникюр жасауға кеңес береді. Ай маникюрын жасау үшін тырнақтың түбі мен ұшын түрлі түстерге бояу керек. Ол үшін арнайы трафареттер немесе қарапайым скотч қолдануға болады. 

Дәстүрлі қызыл


Қызыл лак қашан болса да маникюр арасындағы нағыз классика атағын сақтап қалады. Бір түсті қызыл маникюрдан шаршамас үшін оны ашық түсті (сарғылт-қоңыр, ақ) лакпен үйлестіріңіз.

Нейл-арт

Әр тырнаққа гүл мен ою-өрнекті салатындай нейл-арттың шарықтау кезеңі баяғыда өтіп кеткен. Алайда көңіліңізге байланысты 10 тырнақтың бірінде гүл немесе өрнек орынды көрінеді. 

Глиттер


Екі түсті маникюр үшін глиттер лак түрі мінсіз нұсқа бола алады. Глиттер – құрамына түрлі жылтырлар кіретін түсті немесе түссіз лак. Жылтырлар полиэстер немесе алюминийден жасалынады. Жылтырдың өздері де бір түсті немесе түрлі-түсті бола алады. Мұндай бояу түрлі-түсті лактардың көбісімен жарасатындықтан, осы лакпен екі түсті маникюрдың бірнеше нұсқасын жасай аласыз.

Қазірде маникюрдың түсін көйлекке, бейнеге сәйкес таңдау міндетті емес. Керісінше, түрлі түстерді бір бейнеде үйлестірудің өзі сәнқой арудың белгісі болады. Ал екі түсті маникюр сізге осы жолда көмекке келеді.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: fashiony.ru, saleup.com.ua

С. А