Сіз жайлы аяқ киіміңіз айтып береді #2

Сіз жайлы аяқ киіміңіз айтып береді #2

Аяқ киіміңіздің пішіні де сіздің сырыңызды әлемге әйгілейді.

1. Біз тұмсық, биік өкшелі туфлиге құмар әйел заты өз көркіне өзі сенімді, батыл, еркін, мақтау сүйеді. Бұл туфли кешкі шараларға арналғанмен, жаны кербездікті қалайтын қыз-келіншектер күндіз де кие береді. Мұндай аяқ киім түрі ер-азаматтарға да ұнайды.

2. Өкшесі биік болғанмен, жалпақ болып келетін туфлидің иесі тек өзіне ғана сенеді. Ол талантты, қабілетті, ерік-жігері мықты, алдына мақсат қойып, оған міндетті түрде жете алады. Көбінесе оны «Тек қана алға!» деген ұранмен жүретін басшы әйелдер киеді.

3. Орташа биіктіктегі аяқ киімдерді белсенді, барлық ісін жүгіріп жүріп бітіретін бикештер ұнатады. Бұлар тамаша ұйымдастырушылар әрі жаңашылдар. Алайда алды-артын ойлап, өз күшін дәл бағамдай білулері керек. Әйтпесе зорығып кетуі ықтимал...

4. Танкетка өкшелі аяқ киімділер де баршылық. Олар алғашқыда салмақты, жайлы мінезімен ұнауы мүмкін. Дегенмен күтпеген жерден мінез көрсетіп, құбылып сала бергенін көрсеңіз, таңғалмаңыз. Себебі мұндай кісілер өздеріне тек ыңғайлы кезде ғана байыпты. Ал шыдамы таусылған кезде, бет пердесі алынып, шынайы болмысы көрінеді.

5. Жұқа табанды аяқ киімнің иесі көзге түсе беруді қаламайтын жан. Аздап аңқаулығы да бар болар.

Осы аяқ киімнің түрлерінің бәрі де сізде болуы мүмкін. Бұл әйел затының жұмбақтығын, құбылмалығын, бейімделгіштігін білдірсе керек.

Сурет: simplyxclassic.com

Оқи отырыңыз:

Сіз жайлы аяқ киіміңіз айтып береді

Көктемгі сән: әшекей бұйымның төресі – інжу

Көктемгі сән: Пальто – аруларға арналған киім

Қысқы сән: «Айкезбе» етіктер

Ф. Абилова