Сіз жайлы аяқ киіміңіз айтып береді

Сіз жайлы аяқ киіміңіз айтып береді

Сіздің қандай адам екеніңізді киіміңізге қарап білуге болады. Аяқ киім – адамның жан-дүниесінің айнасы.

Мұны қалай білуге болады?

Алдымен аяқ киімнің фактурасын сөз етейік. Психологтар да, сән эксперттері де өзін сыйлайтын жан қымбат, яғни табиғи материалдан тігілген аяқ киім киеді деп есептейді.

Былғарыдан жасалғаны күнделікті киюге де, кешкі мерекелік шараларға киюге де ыңғайлы.

Күдеріден тігілгенін көбіне өнерді сүйетін, шығармашылықпен айналысатын, жаны нәзік бикештер (кинестетиктер де) киеді.

Лакталған аяқ киімді табысты, мансапқор, кірпияз, басшы әйел киеді. Іскер бикештер өзінің сырт келбетіне сын көзбен қарап, мінсіз болуды көздейді.

Түстер жайлы не айтуға болады?

Күтімді көп қажет етпейтіндіктен, ең ұтымдысы – қара түс. Әдетте, өзгерісті жаны қаламайтын, тұрақтылықты сүйетін консерваторлар қара түсті аяқ киімдерді таңдайды.

Қызыл түстің айтары көп: батыл, жұрттың пікірінен қаймықпайтын, мақтау-мадақтауды жаны қалайтын, жарқырап жүруді ұнататын бикештер киеді.

Сәбидей пәк, мейірімді арулардың таңдауы – ақ түс. Мұндай жандар қулықты білмейді, алдау-арбауға оңай көніп қалуы мүмкін.

Соңғы кезде түрлі түсті аяқ киімдер көбейіп кетті. Мұндай аяқ киімдерді тез бейімделгіш, жаңалыққа жақын, өз өмірінен өзгерістер күтетін, тұрақтылықтан жалығып кеткен бойжеткендер таңдайды.

Жалғасы бар...

Сурет: pinterest.com

Оқи отырыңыз:

Көктемгі сән: әшекей бұйымның төресі – інжу

Көктемгі сән: Пальто – аруларға арналған киім

Қысқы сән: «Айкезбе» етіктер

"Mom jeans" сәнге қайта оралды

Ф. Абилова