Маңызды қадам

Маңызды қадам
Фото: ia-centr.ru

Адам баласы өмірге келген сәттен бастап қартайып өмірден өткенінше таңдау жасаумен өмір сүреді. Расында да біз бала кезімізде қандай ойыншықпен ойнауды таңдасақта, өсе келе киімді де, тағамды да, тіпті досты да таңдайтын болдық. Алайда адам өмірінде ең басты екі таңдау бар. Бірі мамандық таңдау болса, екіншісі өмірлік серігіңді таңдау. Бұл екі таңдау да біздің өміріміздің үлкен бір маңызды шағы. Иә, әрине өмірлік серік таңдау жолы бізге әлі алыс. Себебі енді ғана оңы мен солын ажыратып келе жатқан бойжеткендер мен бозбалалармыз. Қазіргі таңда мектеп бітіруші жас түлектерге берілген алғашқы таңдау болып тұр. Бүгінде көптеген мектеп бітіруші түлек мамандық таңдауда қиындықтарға жолығып жатады. Мамандық таңдауда баланың өз таңдауынан гөрі ата-атаның таңдауы басым болып тұр. Сонымен қатар, өз таңдаған мамандығына қолының жетпеуі біріңғай тестілеудің нәтижесіндегі қажетті балдың жетіспеуі де өз әсерін тигізеді. Кәсібің мен болашағыңды дұрыс таңдау - қоғамдағы өз орныңды танудың негізі. Адамның жақсы, өмірлік табысқа жетуіне ықпал ететін ең бір маңызды шешімдердің бірі осы мамандығыңды дұрыс таңдай білу. Ол базардағы малды таңдау емес. "Жеті рет өлшеп, бір рет кесуді" қажет етеді. Өз мамандығымды таңдар алдында көптеген ақпаратты іздестірдім. Солардың ішінде өзім сияқты талапкерлерге қажет болар деген бірнеше пайдалы кеңестерді ұсынып отырмын. 

- Алдымен өз ісіңді таңдар алдында қандай мамандықтар бар екендігін және бұл мамандықтардың не үшін керек екенін біліп ал. Мамандық жайлы толық түсінік алу үшін: "Маман иесі не істейді?", "Оның қызметінің нәтижесі неге алып келеді?", "Маман иесі қандай жағдайда жұмыс істейді?" деген сұрақтарға жауап табу керек. Кәсіби қызметтің нәтижесі - кез келген жұмыстың негізі. Біздің өмірде неге қол жеткізгіміз келетіні туралы түсініктің өзі біздің арманымызға жетуімізге мүмкіндік береді. Әрине мамандық таңдағанда біліміне ғана емес, іскерлігі мен қабілетіне де назар аудару керек. Заман талабына сай "модный" мамандықтарға емес, өзіңнің жүрек қалауың мен қарым-қабілетің жететін  мамандықты таңда. Менде өзімнің қатарластарым секілді өз жолымды барынша дұрыс таңдауға әрекеттенудемін. Болашақта журналист болсам деймін. Бұл салаға беінші сыныпта оқып жүргенде қызығушылығым оянды. Бала кезімнен бағдарламаларды көп көретін едім. Жүргізушілердің орнына өзімді қойып, айна алдында хабар жүргізген кездерім болды. Бұл мамандықты таңдау себебім - ойымда жүрген көкейкесті мәселелерді көпшілік қауымға жария етіп, қоғамға өз пайдамды тигізу болатын. Сонымен бірге өзімнің авторлық бағдарламамды жасағым келеді. Қазіргі таңдағы танымал тілшілердей болсам деген арманым бар. Бұл менің қолымнан келеді деп сенемін. 

Жолдаған: Талшын Сатыбалдиева

Ж. Исакаев