Ұлтын сүю ұлтшылдық па?

Ұлтын сүю ұлтшылдық па?
Фото: www.profi-forex.org

Соңғы кездерде баспасөз болсын, әлеуметтік желілер болсын ұлт мәселесі туралы сөз қозғалса болды өзге ұлттар Қазақстанды талап жатыр,Қазақстанда тек қазақтар тұруы керек, қалғандарының бәрін қуу керек т.с. сияқты негатив пікірлер өріп жүр. Мен өз ұлтын сүйетіндерді, өз жерімізде өз Ұлтымыздың шоқтығы биік, оларға деген мемлекет тарапынан әлеуметтік-тұрмыстық шекті, қайталап айтамын шекті ерекше көзқарастар, жеңілдіктер (салық, тұрғын үй кезегі, кредит пайыздары, т.с.с) болуын, өзге бірге жасаушы ұлттардың ҚАЗАҚ үстемдігін сезініп тұратындай болғанын қалаймын. Бірақ ол басқа ұлттардың бәрін жек көру, өз ұлтыңды өзге ұлттардан жоғары санау, басқаларға жек көру сезімін тудыру дәрежесіне дейін бармағанын қалар едім.

Біздің кейбір жігіттердің ұлтшылдығы орыстардың шовинистігінен де асып бара жатқандай ма деп қаламын. Тіпті кейбіреулері әлемде тек қана бір ұлттан құралған мемлекеттің жоқтығын да мойындағысы келмейді. Ешуақытта жекелеген адамдардың істеген ісіне бүкіл бір ұлтты кінәлау артық екенін, бүкіл бір ұлтты (мейлі ол орыс болсын, мейлі ол өзбек, армян болсын т.б.) қаралау қате екендіктерін түсінгісі келмейтіндер көбейіп барады. Бұның соңы әлем қарғыс айтқан ФАШИЗМ екенін түсініп, ұғынуымыз керек. Содан сақ болайық, ағайын!

Дереккөз: aitaber.kz

Ж. Исакаев