- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Маск жаңа жоспарын...
Маск жаңа жоспарын айтты
Әйгілі кәсіпкер, Tesla Motors компаниясының негізін қалаушы Илон Маск жалақысыз қалғаннан кейін кәсіпорынның дамуына қатысты түбегейлі жаңа жоспарын жариялады, деп жазады Bloomberg. БАҚ-тың хабарлауынша, кәсіпкер алдағы он жылда компанияның қаржыландыруын күрт арттыруға ниетті.
"Бұл мүмкін, компания тарихындағы ең түбегейлі жоспар. Егер келесі он жылда барлық нәрсе болса, онда Tesla құны 80-90 пайызға ұлғайып, менің өтемақым нөлге тең болады" – дейді журналист Эндрю Росс Соркин.
Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана Tesla компаниясының бас директорлар кеңесінің отырысы И.Маскты жалақысынан айыру туралы шешім шығарып, оған тек нәтиже мен пайда әкелген жағдайда ғана сыйақы мен жалақы тағайындайтындарын айтты. Кеңестің шешімі бойынша олар И. Маскке Tesla компаниясының 1 % мөлшердегі транш акциясын беріп отыр. Ал Илон Маск үшін аталған 1% траншты алу үшін компанияның табысын 100 миллиард АҚШ долларына жеткізу керек. Әр пайыздық мөлшер өсу үшін 50 миллиард доллар көлеміндегі пайда жасалу керек.
Ж. Жұмағұлов