Илон Маск: Жетістік ережесі

Илон Маск: Жетістік ережесі
Фото: hi-news.ru/

Илон Маск деген кім?

Илон Маск – канада-америкалық инженер, кәсіпкер, инвестор әрі миллиардер. Дәл қазіргі сәтте атқарып жатырған істері ел аузында жүрген ең қызықты бизнесмендердің бірі. Стив Джобстан соң, Маск Американың бетке ұстар азаматына айналды.

Назарларыңызға Илон Масктің жетістік ережелерін ұсынамыз.

– 1 –
Қателікті өз таңдауыңызға айналдырыңыз

«Сіз қателік жібермесеңіз, ешқашан инновацияны жасап шығара алмайсыз»
Адамдар тәуелкелге бел буа бермейді. Өйткені, олардың бойын үрей билеп алған. Олар қорыққандықтан ақшасын, уақыты мен бар ресурсын босқа жұмсағысы келмейді. Маск SpaceX зымыранын қолданысқа енгізбестен бұрын шығын мен жағдайдың ықтималдылығына сәйкес жоспар жасақтайды.

«Егер мен 100 миллион доллар жұмсамастан бұрын жетістікке жетпесек, компания өз жұмысын тоқтатады. Үш рет сәтсіз іске қосу жүйесі жеткілікті болады»

Алғашқы іске қосу операциясына 30 миллион доллар жұмсалды. Сәтсіз болды. Екіншісі 60 миллион долларға тең болды. Бұл жолы да операция сәтсіз аяқталды.  Ал, үшінші мүмкіндігін пайдалану кезінде NASA-мен келісімшарт жасады. Бұл жолы оның ойы іске асты. Қателік пен жеңілстер – шығармашылық үрдістің айнымас бөлігі.

 – 2 –
Өзіңіздің шекараңызды біліңіз

Маск еңбекқор, сонымен қатар зияткерлік көрсеткіші өте жоғары. Соған қарамастан ол өзінің шекарасын жақсы біледі. 2006 жылы ол күн панельдерін өндіретін компания туралы ойлайды. Дегенмен, бұл жұмысы оны Tesla мен SpaceX-тен алшақтатып жіберетінін ұқты. Бар болғаны, күн панельдерін өндіретін өзге компанияларға инвестор болып, оны сырттай бақылады.

– 3 –
Өзіңіз қолдануды қалайтын нәрсені жасаңыз

Маск өзінің электрокарын(электрокөлігін) жақсы көреді әрі оны үнемі қолданады. Ол – Америкадаға бұл көліктің тұңғыш тұтынушысы. Сонымен қатар, Маск 2025 жылға  Марсқа ұшады деп жоспарланып отырған зымыранына мінуді де армандайды.

– 4 –
Тыңбай еңбек етіңіз

«Сіз тыңбай еңбек етуіңіз керек – аптасына 80 сағаттан бастап 100 сағатқа дейін. Бұл сіздің жетістікке жету мүмкіндігіңізді арттырады. Егер қарапайым адам аптасына 40 сағат жұмыс жасаса, сіз 100 сағат жұмсаңыз. Сонда сіз ол бір жылын сарп еткен нәтижеге 4 айда жетесіз»

Өміріңіз – өз қолыңызда. Барлық биіктерді бағындырған адамдардың кеңестері осыны дәлелдейтіндей. Бар болғаны, жігер, ерік пен қалау керек. Бәрі сіздің қолыңыздан келеді.

Т. Есқали