Tesla Илон Маскты жалақысыз қалдырды

Tesla Илон Маскты жалақысыз қалдырды
Фото: hi-news.ru

Massaget.kz сайты бүгінгі күнге дейін Tesla туралы және Илон Маск туралы ақпараттарды үзбей беріп, IT және технология саласында қызығушылық танытып жүрген жастарға ақпарат беріп келеді. Келесі сериалы ақпараттың тақырыбы осындай. Не себеп болуы мүмкін? 

2017 жылдың басынан бастап әлемді шулатқан Илон Маск жылына миллиардтаған табыс табуға апаратын жол іздеп қана қоймай, адамзаттың көзін жаңа бір көзқарасқа алып келуге тырысқан болатын. Дегенмен И. Маск 2017 жылдың он екі ай ішінде тек 100 миллионға жуық ақша тапқан болса, соның 46 мың ғана доллары оның қалтасына айлық есеп ретінде түскен. Ал қалған қаражаттан оған берілген сыйақы ғана ретіне есептелген. 

Осы жылдың басты жаңалығы деуге де болатын болар, Tesla компаниясының бас директорлар кеңесінің отырысы, И.Маскты жалақысынан айыру туралы шешім шығарып, оған тек нәтиже мен пайда әкелген жағдайда ғана сыйақы мен жалақы тағайындайтындарын айтты. 

Жаңа жылдан бастап жаңа бағытта жұмыс жасай бастаған компания ішкі құрылымды және жұмыс барысын өзгертті. Барынша шығында азайып, табыс көзін молайту мақсатында жұмыстар атқарылып жатыр. Кеңестің шешімі бойынша олар И. Маскке Tesla компаниясының 1 % мөлшердегі транш акциясын беріп отыр. 

Ал Илон Маск үшін аталған 1% траншты алу үшін компанияның табысын 100 миллиард АҚШ долларына жеткізу керек. Әр пайыздық мөлшер өсу үшін 50 миллиард доллар көлеміндегі пайда жасалу керек. Аталған жоба әлі іске асқан жоқ, бірақ ұсынылды. Бұл туралы Tesla компаниясының директорлар отырысында талқыланады және оған дауыс беруге Илон Масктың өзі қатыспайды. 

Өткен жылы Илон Маск қарқынды дамушы және дәулетті адам ретінде ең үздік он адамның арасына кірген болатын. Оның қазіргі жағдайы 21 миллиард АҚШ долларын құрайды. 

М. Ақан