- Негізгі бет
- Шолу
- Apple Watch қуаты...
Apple Watch қуаты 2,5 сағатқа жетеді
Купертинолық компания өзінің ақылды хронометрін өткен жылы таныстырған болатын. Дегенмен компания өкілдері гаджеттің нақты мінездемесі туралы ақпарат беруге асыға қоймаған еді. Тіпті сатылымға шыққанға дейін бұл туралы ешкім жақ ашпады.
Apple Watch гаджетінің автономды жұмыс жасау мүмкіндігі оның бір құпиясы болып отыр. Apple құрастырушылары ресми анонсқа дейін мұндай ақпаратты жасыра алмапты. 9to5Mac ғаламтор ресурсының тілшілері гаджеттің батареясына қатысты шындықты хабарлады.
Расында Apple өнімінің өзге де смарт-сағаттардан еш айырмашылығы жоқ екен. Қондырылған қуат жинақтағышы әлсіз екені белгілі болды. Оның нақты мүмкіндігі айтылмаған. Сағатты пассивті түрде қолданатын болсаңыз, небәрі 19 сағат сіздің көмекшіңіз қызметін атқарады. Ал гаджеттің түрлі функцияларын пайдалануға қоссаңыз, аппарат 2,5 сағаттан кейін қуатқа зәру болады.
Егер өнімді ешқандай мақсатта қолданбай уақытша қалдыратын болсаңыз, оның қуаты екі күнге дейін жетеді. 9to5Mac ресурсының жазуынша, Apple Watch құрылымына iPad mini өнімінің чипі болған A5 аналогы S1 процессоры орнатылған.
Құрастырушылар дисплейдің сапасына да көп көңіл бөліпті. Компания инсайдерлерінің айтуынша, смарт-сағаттың дисплейі ретінде секундына 60 кадр беретін Retina-экран қолданылған.
Аталған бірнеше компоненттер бірталай энергияны қажет ететіні рас. Сондықтан өнім қуатының жылдам таусылып қалуына таң қалудың керегі жоқ.
Сурет: gigaom.com
Оқи отырыңыз:
Ivvi – әлемдегі ең жұқа смартфон
Samsung Galaxy S6 смартфоны дөңес дизайнға көшеді
Apple соңғы кварталда неше iPhone сата алған?
Ж. Өрісбай