Samsung Galaxy S6 смартфоны дөңес дизайнға көшеді

Samsung Galaxy S6 смартфоны дөңес дизайнға көшеді

Samsung Galaxy S6 смартфоны екі жағынан да дөңес формаға көшетін болды. 5,5-дюймді флагманды смартфон Galaxy Note 4 Edge аппараты сынды дөңес кейіпте жасалады. Компания бұл өнімінің Apple-мен нарықта бәсекелесуге қауқары жететініне сенім білдіріп отыр.

Жуырда ғана хабарлағанымыздай, Galaxy S6 Испанияның Барселона қаласында ұйымдастырылатын Mobile World Congress халықаралық көрмесінде таныстырылады.

Тағы да айта кетсек, аталған технологияны оңтүстіккорейлік компания бірінші рет қолданып отырған жоқ. Атап айтқанда, Galaxy Note Edge смартфонының бір жағы ғана дөңес пішінді болған еді. Ал S6 Edge өнімінде екі жағы да қамтылмақ.

Sammobile ақпараттық агенттігінің айтуынша, экранның дөңес бөлігі жиі қолданылатын қосымшаларды жылдам басқаруға болады. Хабарламалар келген бойда дөңес интерфейс белгілі бір түске енеді екен. Видео ақпараттан көріп отырғаныңыздай, бұл функцияның артықшылығы, хабарламаны жылдам көруге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетсек, Samsung дөңес гаджетін өткен жылдың күзінде Берлин қаласында өткен IFA халықаралық көрмесінде ресми таныстырған болатын.

BGR ғаламтор ресурсының алдын ала берген ақпаратына орай, Galaxy S6 смарфоны (бейресми деректерде SM-G925F атауымен де келеді) Quad HD (2560 x 1440 пикселді) дисплейімен, Mali-T768 8-ядролы графикалық процессорымен және 16-мегапикселді негізгі камерасымен жабдықталады.

Өткен жылдың соңында Нью-Йорк қаласында компанияның инвесторлар бойынша маманы Роберт Йи Samsung компаниясының жылдық шығындарына байланысты сан түрлі фирмалық смартфондарының реті 25-30%-ға қысқаратыны туралы хабарлаған болатын. Айта кетсек, Samsung нарықтағы үлесіне Galaxy сериясымен шыққан смартфондарының сатылымы нәтижесінде жеткен. Сол кезде Apple компаниясының сәтсіз шыққан iPhone смартфоны Samsung беделінің артуына мүмкіндік берді.

Samsung-тың алдағы шығатын өнімінің дизайнымен айналысып жатқан компания дизайнері Ли Дон-Тэнің бұрын Apple компаниясына қызмет еткенін ескерсек, Samsung Galaxy S6 флагманды смартфоны ерекше қырымен танылатын болады.

Сурет: www.techmalak.com

Оқи отырыңыз:

Samsung Blackberry компаниясын сатып алуы мүмкін

Samsung дөңес экранды моноблок шығарады

Samsung теледидарларына PlayStation ойындары қосылады

Samsung қызметкерлерінің жалақысы қысқарды

Samsung логотипімен шығатын смартфондар моделі 30%-ға қысқарады

Ж. Өрісбай