Ақтауда бала қайыққа отырар кезде суға құлап кетті

Ақтауда бала қайыққа отырар кезде суға құлап кетті, - деп хабарлайды lada.kz.

Оқиға "Жартасты соқпақ" маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, қайыққа отырғызып жатқан кезде балалардың бірі жағадан қайыққа өте алмай, тайып кеткен. Себебі баспалдақ болмаған.

Қайық 4А шағын ауданында орналасқан "Үстірт" катамарандарындағы теңіз серуені қызметіне жатады.

"Бала құлап, қысылып қала жаздады. Оқиға орнында болған демалушылар оны құтқарып, қауіпсіз жерге шығарып алды. Бұл катамарандарды жалға беру қызметі қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Мұнда олардың да кінәсі бар. Мұндай жағдайлардың алдын алып, жолаушыларды қауіпсіз отырғызу үшін баспалдақ орнатуға болады", - дейді видео авторы.