Біріккен Араб Әмірлігінде көлік нөмірі $3 миллионға сатылды

Біріккен Араб Әмірлігінде көлік нөмірі $3 миллионға сатылды
Фото: 360tv.ru

Біріккен Араб Әмірлігінде көлік нөмірі $3 миллионға сатылды. Нөмірді 23 жастағы кәсіпкер бәссаудада сатып алды. Бұл туралы  Khaleej Times хабарлады. 

"Бұл нөмірді алу мен үшін үлкен мәртебе және үлкен қуаныш", – деді жас кәсіпкер. 

2 саны БАӘ-де маңызды символдық мәнге ие. Себебі, 1971 жылы 2 желтоқсанда эмираттар бір мемлекетке біріктірілген болатын. Аукционға эксклюзивті нөмірлерді сатудан түскен жалпы табыс шамамен 15 миллион АҚШ долларын құрады, бұл ақша қайырымдылыққа жұмсалады.

Айта кетелік, сонымен бірге бәссаудаға түскен "1111" нөмірі 12 жастағы балаға тиесілі болды. Оны баланың әкесі сыйлады. Сатып алу бағасы $400 мыңды құрады. Бір жыл бұрын "1" нөмірі аукционда 8 миллионнан астам долларға сатылды.

Ж. Жұмағұлов