Tesla Model s көлігіне бәсекелес пайда болды?

Tesla Model s көлігіне бәсекелес пайда болды?
Фото: hi-news.ru

Жанармайсыз қуат көзімен қозғалатын техникалар, соның ішінде көліктер туралы айта беру ендігі жерде жаңалық емес. Олардың нарыққа ене бастауы да қалыпты жағдайға айналды. Қуат көзімен жүретін көліктердің көшбасында тұрған, әлемге танымал – Model S көлігі. Бұл Илон Масктың ең үлкен жетістігі. Дегенмен жақында И.Масктің қарсыласы, бәсекелесі пайда болуы мүмкін. Ол кім?

Model S көлігіне бәсекелес бола білетін тағы бір қуат көзімен қолданатын, жан-жақты жабдықталған көлік бұл – BMW.  Өз кезегінде болашақта шығатын көліктің концепциясы да дайын. Оны I Vision Dynamics деп атап отыр. Дегенмен басшылық әлі де болсын жаңадан құрастырылып шығатын көлікті нақты қалай атайтындарын айтқан жоқ. Бәлкім «BMW і5» деп аталады.

Жалпы көліктің нарыққа шығуына кесіп айтарлықтай дәйек жоқ. Бірақ 2050 жылға қарай әлемдік деңгейде жарқ ететін бір сенсация болары анық.

Сонымен Tesla көлігіне бәсекелес болатын BMW бір қуатталған күшпен 600 километрге дейін жүре алады. Сағатына 200 км жылдамдықпен козғалады.

М. Ақан