- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- 2017 жылы iPhone...
2017 жылы iPhone смартфонының дизайны түбегейлі өзгереді
Apple 2017 жылы iPhone смартфонының сыртқы түрін түбегейлі өзгертеді, − деп хабарлайды VladTime.ru. Болжам бойынша, жаңа үлгілердің корпусы әйнектен жасалады. Сонымен қатар қуаттау құрылғысы сымсыз болатыны айтылады. Apple компаниясы әйнек корпустарды iPhone 4 смартфонына тұңғыш рет қолдана бастаған.
Басылымның мәліметінше, жаңа iPhone SE смартфонының шығатыны жайлы бірінші болып танымал сарапшы Минг-Чи Куон айтқан. ол жаңа құрылғы дисплейінің 5,8 дюйм болатынын және AMOLED форматында болатынын хабарлаған. Девайстың дизайны да өзгеріске түседі екен.
Еске салайық, Apple компаниясы 22 наурызда 4 дюймді жаңа iPhone SE смартфонын таныстырған еді. Гаджеттің сырты iPhone 5s смартфонына ұқсайды, бірақ процессоры 6s гаджетіндегідей А9 да, қосымша процессоры М9. Жаңа гаджетке 12 мегапикселі бар камера орнатылған, ол 6s-тің барлық функциясын орындайды, оның ішінде Live Photos та бар. Негізгі камерасы 4K видеолар түсіре алады.
Дереккөз: tengrinews.kz
С. Ерсін