Apple туралы фактілер

Apple туралы фактілер

Apple компаниясын танымайтын ел болмаса керек. Оның өнімі әрбір үшінші үйде кездеседі екен. Стив Джобстың қайтпастығымен көп жетістікке жеткен компания қазіргі кезде электроника өндірушілердің арасында алдыңғы қатардан орын алады. Apple компаниясына қатысты деректерді біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Ендеше компанияның тарихына қатысты көпке белгісіз болған фактілерді ұсынамыз.

*Расында компанияның негізін екі емес, үш тұлға қалаған. Оның екеуін танитын боларсыздар. Ал үшіншісі – Рональд Уейн.
*Пол лақап аты Джонатан Айв пен Стив Джобстың ортақ аты.
*Джонатан Айв Apple-ге келгенге дейін «Мандарин» компаниясында жұмыс істеген.
*Apple 1 компьютері 666.66$ сомаға сатылған.
*Ең көп суретке түсірілетін Apple Store Бесінші Авенью Манхэттенде орналасқан.
*Джонатан Айв 14 жыл бойы Apple өнімін таныстыруға бір көйлегін ауыстырмай киген.
*Apple компаниясының негізі қаланғанға дейін, Стив Джобс Atari компаниясының қызметкері болған.
*Стив Джобс – буддист.
*Екі Стивтің алғаш рет танысқан кездерінде, Возняк 21-де, ал Джобс 16-да болған.
*Стив Джобстың маркетингтік біліктілігі тамаша болған. Ол Pixar киностудиясын 10 миллион АҚШ долларына сатып алып, Disney-ге $7.6 миллиардқа сатып жібереді.
*Стив Джобстың үш қызы мен бір ұлы бар.
*Айвтың екі егіз ұлы бар.
*Джобстың Нью-Йорктағы жылжымайтын мүлігін U2 рок-тобының вокалисті Боно сатып алған.
*1998 жылы Стив Джобс өзінің зәулім үйлерінің бірін Билл Клинтонға сыйға тартады.
*2009 жылы Стив Джобстың бауырына ота жасалды.
*Apple компаниясының негізі 1 сәуір күні қаланған.
*Apple компаниясы Юта штатындағы қоқыста жатқан Lisa компьютерлерінің үш мыңға жуығын қайта өңдеген.
*Қазіргі кезде Apple I санатында шыққан компьютерлердің 35-45 дана түпнұсқасы қалған.
*1976 жылы шыққан компанияның алғашқы логотипінде Исаак Ньютон алма ағашының астында отырғаны бейнеленген.
*Apple-дің қазіргі логотипін Роб Янофф есімді дизайнер жасаған.
*Джобсты өз компаниясынан шығарып тастағаннан кейін, онша әйгілі бола қоймаған Next компаниясының негізін салады.
*2001 жылы компанияның әрбір акциясы $8 болды.
*2007 жылы Компания атынан «Computer» сөзі алып тасталынды.
*Apple.com сайты ең көп көрілімі бар әлемдегі елу үздік сайттың қатарына кіреді.
*Екі Стив те жазғы демалыстарында Hewlett-Packard, нақтырақ айтсақ, HP компаниясында жұмыс істейтін болған.
*Apple тарихында ең тұрақты өнім болған – Apple II компьютері.
*Ipod ресми таныстырылғаннан кейін, тұтынушылар қолына бір жылдан кейін тиеді.
*Apple Pippin ойын консолын шығарған.
*1984 жылы Макинтош жарнамасын түсірген «Гладиатор» фильмінің режиссері болған.
*Джобстың жалағысы жылына 1 доллар болған.
*Джобс өзінің болашақ жарымен Стэнфордта танысқан.
*Apple-дің директорлар кеңесінің мүшесі Альберт Гор АҚШ-тың вице-президенті болған.
*Стив Джобс колледждегі оқуын тастап кеткен.
*Стив Джобс Технологияның Ұлттық медалымен марапатталған.
*Стив Джобс үнемі Нью Баланс фирмасының кроссовкасын киетін болған.
*Джобс мектепте үшінші сыныпта оқып жүргенде, ұстазының орындығын жарып жібереді.
*Стив Джобс Atari компаниясында жұмыс істеп жүргенде жеке гигиенасына қарамайтындықтан, түнгі ауысымға ауыстырылған.
*Джобс вегетариан болған.
*Стив Джобс тек алма жеуді ғана ұнатқан.
*Стив Джобс көлігін үнемі мүгедектерге арналған орынға қоятын болған.
*Джобс PepsiCo компаниясының директорын Apple-ді басқаруға көндірген.
*Apple компьютердің интерфейсін жасау идеясын Xerox компаниясынан ұрлайды.
*Мамандардың айтуынша, компанияның құны жуырда триллион АҚШ долларына жетеді екен.


Сурет: deflab.ru
Ж. Өрісбай