Apple жаңа iPhone SE смартфонын таныстырды

Apple жаңа iPhone SE смартфонын таныстырды
Фото: podrobnosti.ua

Apple компаниясы бүгін 4 дюймді жаңа iPhone SE смартфонын таныстырды. Гаджеттің сырты iPhone 5s смартфонына ұқсайды, бірақ процессоры 6s гаджетіндегідей А9 да, қосымша процессоры М9.

Жаңа гаджетке 12 мегапикселі бар камера орнатылған, ол 6s-тің барлық функциясын орындайды. Оның ішінде Live Photos та бар. Негізгі камерасы 4K видеолар түсіре алады.

14 гигабайт сыйымдылығы бар iPhone SE құны - 399 доллар, ал 64 гигабайттысы 499 доллар. Девайсты 31 наурызда сатып алуға болады. Ал елімізде наурыз айында шығуы мүмкін.

Дереккөз: tengrinews.kz

Н. Үсенова