- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Сүйіктіңіздің сыйлығына ризасыз...
Сүйіктіңіздің сыйлығына ризасыз ба?
Мінеки, 8 наурыз мерекесі де артта қалды. Сүйіктісінен көптен күткен сыйлығын алған қыз-келіншектердің бір тобы дән риза болса, екіншілерінің көңіл-күйі бұзылған. Неліктен? Себебі біраз жігіттер сүйіктісінің көңілінен шығатын сыйлықты таңдай алмай жатады. Сондықтан жігітіңізді сыйлық таңдауға қалай үйретуге болатыны жайлы бірнеше кеңес ұсынамыз:
Біріншіден, оның кез келген сыйлығын мақтап, ұнағанын білдіріп, сақтап қойыңыз. Гүлді әрине, ұзақ сақтай алмайсыз. Алайда ризашылығыңызды білдіру үшін суретке түсіріп, жеке парақшаңызға салып қойсаңыз болады.
Екіншіден, өзіңізге не ұнайтынын сөз арасында сездіре аласыз. Себебі кейбір жігіттер сыйлығым ұнамай қала ма деп, тарту жасауға жүрексінеді.
Үшіншіден, сыйлық алған кезде мейлі, тіпті айна-тарақ болсын, рахмет айтып, көңіліне ризашылық білдіріңіз.
Төртіншіден, өзіңіз де оның туған күнінде, мерекелерде сыйлық әзірлеңіз. Әрине қаржыңыздың бәрін жұмсап, өте қымбат бұйым алуға ұмтылған артық болар. Дегенмен де осы әрекетіңізбен оның да өзіңіз үшін орны бөлек жан екенін білдіре аласыз.
Бесіншіден, жігітіңізді өте қымбат сыйлық алуға итермелеп, «гауһар, машина, т.с.с. әпермесең, сүймегендігің» деген секілді қоқан-лоқы көрсету әдепсіздік әрі өзіңізді төмендетушілік екенін есте ұстаған жөн.
Алтыншыдан, оның әр сыйлығына шын жүректен қуаныңыз. Өйткені ол да «сыйлығым ұнар ма екен?» деп тағатсызданып жүреді. Егер ұнамағанын білдірсеңіз, келесі жолы мүлде сыйлықсыз қалуыңыз ықтимал.
Жетіншіден, алда Наурыз мейрамы. Ертеде қыз жігітке «ұйқы ашар», ал жігіттер қыздарға «селт еткізер» сыйлығын тарту еткен. Сондықтан қапы қалмаңыз.
Сурет: ©Ильяс Садықов
Оқи отырыңыз:
Аруларға қандай сыйлық лайық? #2
Қой жылы жақындарымызға не сыйлаймыз?
Ф. Абилова