Аруларға қандай сыйлық лайық? #2

Аруларға қандай сыйлық лайық? #2

8 наурыз мейрамы жақындаған сайын ер-азаматтардың көкейінде бір сұрақ тұрады - анасына, жарына не қызына, әпке-қарындастарына қандай сыйлық алу қажет?

Басы

Кәдесыйлар. Ертеден келе жатқан дәстүр бойынша кәдесый да тарту етуге болады. Тек қандай нәрсені жақсы көретінін біліңіз. Қызыңызға махаббатыңызды білдіретін заттарды (қос аққу, қос көгершін, т.б.) сыйға тартсаңыз, жоғары бағалауы ықтимал.

Ұлттық нақыштағы кәдесыйлар мен аксессуарлар да ешқашан құнын жоғалтпайды.

Сөмке. Сөмке  бойжеткендердің сүйікті әрі өте қажетті аксессуарларының бірі. Ешқашан артық болмайды. Сол себепті былғарыдан жасалған трендтегі сөмкені алуыңызға болады.

Қандай сыйлықты алғысы келмейді?

Хрусталь ыдыстар бір кезде таптырмайтын нәрсе болғанмен, қазіргі жастар оны аса бағалай бермейді, оның орнына асүйлік заманауи құрал-жабдықтарды тарту ете аласыз.

Кітап. Кітап  рухани қазына. Бір кезде кітап қолдан-қолға өтетін, таласып жүріп оқитын жалғыз ақпарат көзі болатын. Қолы жеткендер ғана том-том кітап жинап, жеке кітапханасын байытатын. Әрине қазір де кітап оқитын адамдар көп, дегенмен жастар электрондық кітап оқуға көшті. Сондықтан кітапты сыйлық ретінде елестететіндер аз болуы әбден мүмкін.

Қандай затты сыйлаған әдепсіздік болып саналады?

Қызға косметикалық заттар, дезодорант, іш киім, арзанқол бижутерия, т.б. сияқты жеке басқа арналған дүниелерді сыйлау талғамның жоқтығы ғана емес, әдепсіздік болып саналады.

Сурет: ©Ольга Ким

Оқи отырыңыз:

Қой жылы жақындарымызға не сыйлаймыз?

Алғашқы кездесуге қалай барасыз: Аруларға кеңес #2

Алғашқы кездесуге қалай барасыз: Аруларға кеңес

Махаббатым ертегідей болсын десеңіз...

Ф. Абилова