Аруларға қандай сыйлық лайық?

Аруларға қандай сыйлық лайық?

8 наурыз мейрамы жақындаған сайын ер-азаматтардың көкейінде бір сұрақ тұрады - анасына, жарына не қызына, әпке-қарындастарына қандай сыйлық алу қажет?

1. Гүл. Бұл үлкенге де, кішіге де сыйлай беруге болатын, әйел затының барлығына дерлік ұнайтын сыйлық. Тек қандай гүлді ұнататынын ескерсеңіз болғаны.

Сүйген қызыңызға не жарыңызға оған деген ыстық махаббатыңызды айғақтайтын раушан гүлдерін сыйласаңыз, дән риза болады десек, қателесе қоймаспыз.

Әлбетте, гүл тез солып қалатындықтан, одан гөрі басқа сыйлық күтетіндері де кездеседі.

2. Әшекей бұйым. Қызға сақина не сырға сыйласаңыз, келесі қадам үйлену тойы деп ойлауы ықтимал. Сондықтан әзірге ондай ойыңыз жоқ болса, білезік сыйлаңыз. Күміс пе, алтын ба, қалтаңызға қарап көсілетініңіз хақ. Егер сүйгеніңіз этникалық стильді ұнататын болса, оны да ескергеніңіз жөн. Әйтпесе інжуден жасалған бұйым сәннен қалмайды, кез келген жастағы аруға жарасымды.

3. Әтір. Қыз-келіншекке сыйланатын әтір арзан болмау керек. Әрі оның қандай әтірді пайдаланатынын алдын ала біліп алғаныңыз жөн. Арзанқол дүние сыйлап, бағаңызды түсіріп алмаңыз.

4. Ойыншық. Ойын баласы жасынан өтіп кетсе де, жұмсақ ойыншыққа қуанатындар бар. Әсіресе, кинестетиктер, қиялшыл меланхоликтер. Оларға үлкен дәстүрлі teddy bear алсаңыз, дұрыс болар. Дегенмен ойыншықты балабақша бүлдіршіндеріне лайық деп есептейтіндер де жеткілікті.

5. Смартфон. Қалтаңыз көтерсе, смартфонға қуанбайтын ару жоқ шығар. Сүйгеніңізді былай қойғанда анаңыздан бастап, қарындасыңыздың қуанышында шек болмас еді.

Жалғасы

Сурет: ©Ольга Ким

Оқи отырыңыз:

Қой жылы жақындарымызға не сыйлаймыз?

Алғашқы кездесуге қалай барасыз: Аруларға кеңес #2

Алғашқы кездесуге қалай барасыз: Аруларға кеңес

Махаббатым ертегідей болсын десеңіз...

Ф. Абилова