- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Қыздарға керек кеңестер...
Қыздарға керек кеңестер
Қыздарға кез келген жағдайдан алып шығатын, екінші сөзбен айтқанда, өмір сүруді жеңілдете түсетін кеңестер тізбегін ұсынамыз.
Жеке куәліктен бастап, барлық құнды құжаттарыңды сканерден өткізіп, электронды нұсқасын бөлек папкада не флешкада сақтап қой.
Флешкаңа "Осы флешканың иесі туралы ақпарат" деп бір папка аш та, сол папкаға өз аты-жөніңді, телефон нөміріңді, поштаңды жазып қой. Флешкаңды жоғалтып алған жағдайда, дені дұрыс адам болса, осы арқылы саған хабарласып, құнды затыңды қайтарып бере алады.
Кенеттен әйнек жарылып, жерге шашылып қалса, оны аяққа кіріп кетпеуі үшін пластилин не скочтың ішкі жағымен оңай жинап алуға болады.
Шалбар не колготкінің түсімен бірдей аяқ киім сырт көзге аяқты ұзартып көрсетеді.
Қолданылған шай пакеті жағымсыз иістерді жұтып алады. Сондықтан оны кептіріп, тоңазытқышқа салып қой.
Шашқа сусабынды жаққан бойда, бірден жуып тастама. Сусабынды жағып болған соң, біраз күте тұр. Бұл жақсы нәтиже береді.
Шоколад таңдағанда, мына нәрсеге назар сал: Шоколад құрамында міндетті түрде какао-май болуы керек. Ал ол болмаса, шоколадтың сапасы нашар деген сөз.
Бір шаруаны тындырып тастау керек болғанда, ерініп қалсаң, бөлменің қақ ортасына бар да, 10 минуттай жай ғана тұра тұр. Жұмыс істеуге құлшына кірісесің.
Көз жасыңды жігітіңнің алдында көрсете беру жігітіңнің ашуына тиеді. Еш себепсіз жылай берме. "Қаруды" тек оңтайлы кезде пайдалан.
Орынсыз жерде күлкі қысса, күлмеу үшін өз қолыңды түртіп қал немесе ерніңді тістеле.
Ыстық су өшіп қалғанда, ыдысты қолға резеңке қолғап киіп жууға болады.
Тақырып бойынша:
Күнделікті тұрмысқа арналған қарапайым кеңестер
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: trickss.ru
Р. Роза