- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Арқан жіппен бұйым...
Арқан жіппен бұйым жасау
Арқан жіппен үйдің ішін әдемілеу теңіз стиліне жақын жандарды қызықтыруы мүмкін. Арқанды түрліше байлап, сан түрлі бұйымдар шығаруға болады. Мысалы, айна, картина сынды заттарды іліп қоюға, баспалдақ таяныштарын жасауға болады екен.
Аспалы бақ. Арқан жіппен суреттегідей аспалы дүниелер жасауға, айна, картина, сөрелерді іліп қоюға болады. Бұл үйге келген қонақтардың қызығушылын тудырары сөзсіз. Есік алдына да әткеншек жасап қойсаңыз, әдемі көрінеді. Әсіресе, гүлдерге арналған сөрелер көзге ерекше әсер етеді.
Үстел. Арқанды пайдаланып қолдан неше түрлі заттар жасауға болады. Суреттің жиегін, үстелдер, кереуеттердің арқалығын икеміңізге қарай жасауға болады.
Тұрмыстық бұйымдар. Шамдарды, зат салатын қорапшаларды, қобдишаларды, гүл себеттерін арқанмен орап, ерекше дизайнмен әрлесеңіз, үйдің сәнін келтірері анық.
Мына суреттерден баспалдақтардың таянышын да арқандармен жасауға болатынын көрдіңіздер. Мұндай таяныштар теңіз стилін, жағалауды еске түсірерсі сөзсіз.
Шамдар мен аспашамдарды да қалауыңыз бойынша сәндеуге болады.
Жерге жаятын төсеніштерді де мына суреттегідей етіп тоқысаңыз, үйіңіздің сәніне айналдырасыз.
Басқа да бұйымдарды өз қалауыңызбен әрлесеңіз, талғамыз да, қолөнерге деген шеберлігіңіз де арта түсері хақ. Есік тұтқаларын, перде ұстатқышын жасасаңыз да болады. Үйдің сәні мен әні бойжеткендердің қолында екенін ұмытпайық, қыздар!
Г. Берік