Арқан байлаудың алты әдісі

Арқан байлаудың алты әдісі
Фото: hq-wallpapers.ru

Негізінен арқан байлаудың әдісі де, түрі де көп. Қазақ баласына ат жалын тартып мінгеннен-ақ, жіпті есіп арқан дайындауды үйреткен. Ата кәсіп баршамыздың санамызда жаңғырып, "үш өрім", "төрт өрімді" бес саусақтай білгендіктен, жіп (арқан) түйіншектеудің төрткүл дүниеге кең тараған түрлерімен таныстыруды жөн көрдік. Бұл әдістер әмбебаптығымен қатар, қарапайым жасалу жолымен де танымал.

Бұлар бізге не үшін керек? Күнделікті өмірде бір затты жіптің көмегімен орағанда немесе бекіткенде ойымыздан шығарып әйтеуір шатып-пұтып байлап тастаймыз. Үйге келгеннен кейін, ал шешіп көр... Жарты сағат уақытымыз өзіміз жаңа ғана түйіншектеген жіпті шешумен өтеді. Сондықтан, әрқашан әдіспен байланған түйіннің оңай шешілетінін ұмытпайық. 

Бұл – көнеден келе жатқан негізгі түйіндеудің бірі. Ертеде садақ адырнасын (бауын) осы әдіспен байлапты. Көнелігінің сыртында әмбебаптығы мен қарапайымдылығы үшін оны "байлау әдістерінің патшасы" санайды екен. Оның жасалуын рет-ретімен санамалап берілген мына суреттен көре аласыздар. 

Егер бәрі түсінікті болса, қолыңызға бір арқан алыңыз, анимациялық суреттің көмегімен бірге жасап көрейік.

Беседочный узел как вязать

"Қарапайым найза" әдісі

Қарапайым найза әдісі ілмекті ұзарып-қысқармайтындай мықты қылып байлауға арналған. Алдыңғы әдісіміз адамзат тарихындағы алғашқы қарулардың бірі садақпен бірге үндесіп келе жатса, теңіз үстіндегі үлкен кемені айлаққа байлау үшін арқанды осындай әдіспен өреді. 

Егер бәрі түсінікті болса, қолыңызға бір арқан алыңыз, анимациялық суреттің көмегімен бірге жасап көрейік.

Простой штык как вязать

Таутлайн

Егер арқанның ілмегін қажетіңізге қарай үлкейтіп-кішірейткіңіз келсе, осындай үлгімен арқанды өре аласыз. Бұл өрімді көбіне шатыр құру не тентті тарту үшін байлайды.

Егер бәрі түсінікті болса, қолыңызға бір арқан алыңыз, анимациялық суреттің көмегімен бірге жасап көрейік.

Tautline Hitch как вязать

Сегіздік

Жіпке бірнәрсені бекіту үшін әдетте осы әдіспен байлайды. Өйткені, бұл өріммен арқан тез байланып, оңай шешіледі. Әрі ауыр салмақты да көтереді.

Егер бәрі түсінікті болса, қолыңызға бір арқан алыңыз, анимациялық суреттің көмегімен бірге жасап көрейік.

Восьмёрка узел как вязать

Сегіздік өрімнің екі түрлі нұсқасы бар. Біреуі сәл қиындау. Жіпті шешу үшін байлар кезде мұқият жаттап отыру қажет. Ал екіншісі оған қарағанда әлдеқайда жеңіл.

Егер бәрі түсінікті болса, қолыңызға бір арқан алыңыз, анимациялық суреттің көмегімен бірге жасап көрейік.

Восьмёрка второй вариант

Әмбебап әдіс

Бұл байлау әдісі көбіне көп құрылыс жұмыстарында, жүк тасымалында, саяхат кезінде қолданылады. Артылған жүкті тығыз әрі берік ұстап тұрады.

Егер бәрі түсінікті болса, қолыңызға бір арқан алыңыз, анимациялық суреттің көмегімен бірге жасап көрейік.

Водительский узел как вязать

Құрметті оқырман, сіз арқан байлаудың тағы қандай үлгілерін ұсынар едіңіз?

Е. Жұмабайұлы