Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Арқан атауларын білесіз бе?

Арқан атауларын білесіз бе?

Арқан атауларын білесіз бе?

Байлауға, бекемдеуге, жүк артуға, үй тігуге, малға істетілетін арқанның бәрін жіп немесе арқан деп біртұтас қолданып жүрміз. Негізінде қазақ сөздік қорында да арқанның істетілу орнына, жасалуына қарай әртүрлі атаулары бар.

Қазақ арқанды сыртқы пішіні жағыннан, өрме, тілме және еспе арқан деп бөледі.

Ал істеткен материалына қарай қайыс арқан, жіп арқан, кендір арқан деген түрлері бар.

Арқан есу

Өрме арқан – қайыстан (тері) жасалып, төрт таспа және алты таспадан өріледі. Оның істетуіне қарай шалма арқан және шылбырға бөлеміз.

Тілме арқан – теріден тіліп, сосын өріледі. Бұлар тартпа арқан, қом арқан, шылбыр және тең жіптер.

Суға шыдамды болғандықтан, мұның ішінде еспе арқанның түрі ең көп. Оны қойдың жүні, ешкінің қылы, жылқының қылы, түйенің шудасы және кендірден жасайды. Оның істетілу түріне қарай салма арқан, белдеу арқан, тарту арқан, шалма арқан, ат арқан, қом арқан, тең жіп, желі, шылбыр, бұйда, моншақ сияқты және т.б. түрлері болады.

Ал арқанның ұзындығын әдетте құлашты бірлік етіп өлшейді. Ұзынынан қысқасына қарай мынадай:

Салма арқан – ұзындығы 12 құлаштан кем болмайды. Үйдің үлкен-кішілігіне қарай дайындалады. Оған қойдың жүніне қыл қосып еседі. Киіз үйдің жел жағынан мықтап қазық қағып, арқанның тұйығын киіз үйдің ық жақ керегенің сағағынан іліп, үйдің сыртынан асырып бастыра қазыққа байлайды. Үйді бекемдеп, бораннан сақтау үшін арнайы істетіледі.

Белдеу арқан – бұған да жоғарыдағы заттарды шикізат етіп алады. Киіз үйдің сыртынан орап байлайтын, үйді бекемдегіш арқан.

Тарту арқан – арнайы жүк артуға істетіледі. Бұл қоспан және сыңар арқан деп бөлінеді. Қайыс және жүннен жасалады. Қоспақ арқан – арнайы жүк артуға екі арқанды қатарластыра дайындайды.

Үй тігерде керегені тұрғызғаннан кейін керегенің басын айналдыра байлайтын арқанды басқұр дейді. Бұл да қайыстан дайындалады.

Үй тігуге істетілетін арқандар – салма, белдеу, басқұр...

Көші-қонға істетілетін арқандар – тарту, қом, теңжіп...

Малға істетілетін арқандар – шалма, ат арқан, желі, шылбыр, бұйда.

 

Дайындаған: Алшын МАТАЙ

Сурет: baidu.com

5177 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 28 наурыз 2013, 22:00
Пікірлер
+0
29 наурыз 2013, 09:04

Білмеймін :oops:

+0
29 наурыз 2013, 12:37

енді білемін)

+0
29 наурыз 2013, 13:02

жалпын арқан дегенді өсіп білдік қой

+0
29 наурыз 2013, 15:34

Билмеймин кыздар онша аркан тартыска катыспайды гой кобинесе улдар катысады

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...