- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Нью-Йоркқа саяхат (5-бөлім)...
Нью-Йоркқа саяхат (5-бөлім)
Қаланың көптеген жерін көруге hop-on, hop-off турларын қолдансақ болады. Бұл турлардың ерекшелігі алған билеттеріңізбен үсті ашық автобустардың арқасында қаланы бір айналып шығуға болады. Қызыққан жеріңізде түсіп қалу да өз еркіңізде. Ол жерді аралап болған болсаңыз, онда басқа аялдамадан келген келесі автобусқа мініп турыңызды жалғастыра аласыз. 3 күндік тур 64 доллар тұрады.
Қаланың Downtown деген жерін аралап жүрміз. Көздің жауын алатын Wall Street көшесіне де келіп жеттік. Кіре берісте бұқаның белгісін көресіз. Көше өте тар, бірақ зәулім ғимараттарға толы.
Көшенің ең қызық жері New York Stock Exchange және JP Morgan орналасқан қиылысы. Бұл қос ғимараттың өзіндік ерекшеліктері бар. New York Stock Exchange (Нью-Йорктың биржалық фонды) - бұл әлемдегі ең үлкен биржалық фонд. АҚШ-тың бай мемлекет екендігінің белгісі болып табылады. Ал JP Morgan Chase болса, әлемдегі банк істерімен айналысатын ең көне компаниялардың бірі. Бұл компания инвестициялық және банк саласында жетекші орын алады. Бұл көшедегі ғимараттардың барлығы дерлік атақты.
Қаланы жаяу аралауға да болады, бірақ қала үлкен болғандықтан барлығын көріп үлгермейсіз. Әсіресе қызықты жерлердің бәрін көріп қайтамын десеңіз. Тур операторы қала ішінің нүкте-үтіріне дейін нақты түсіндіріп береді. Керек десеңіз әлем таныған жұлдыздардың үйлерін де тамашаласаңыз болады.
Жалғасы бар...
Суреттер: www.kirmizibaykus.com
a. aaa