- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Мамыр айында болатын...
Мамыр айында болатын демалыс күндерін қайда өткіземіз?
Санаулы айлардан кейін мамыр айы келіп жетеді. Мамыр айы мерекелік демалыстарға толы ай. Демалысты шетелде өткізуді жоспарлап жүрсеңіз, біздің кеңестерімізге құлақ түріңіз.
- Мамыр айындағы демалыс күндерін Чехия астанасы Прага қаласында өткізуге болады. Нағыз чех сырасынан дәм татып, тарихи мекендерді аралап қайтуыңызға болады.
- Көне Русь тарихы мен мәдениетімен жақынырақ танысуды ойлап жүрсеңіз, Украина астанасы Киев қаласына жол тартыңыз. Бұл жақта тарихтан сыр шертетін ескерткіштер мен ескі ғимараттарды аралап, демалысыңызды арзан әрі қызықты өткізе аласыз.
- Демалыс күндерін Вена қаласында өткізуге болады. Вена қаласының көрікті мекендерін аралап қана қоймай, галерея, мұражай, театр сияқты мәдениет ошақтарына бас сұғып, рухани тұрғыда тыныға аласыз.
- Сәулет өнерін жоғары бағалайтын жандар мамыр айындағы демалысын Вильнюс қаласында өткізе алады. Бұл қалада әр кезеңде салынған ғимараттармен таныса аласыз. Мысалы, Гедиминес қорған сарайы, Кафедралы собор, готикалық нақыштағы Ұлы Анна Костелі сияқты ғимараттар сан жылдар бұрын салынса да, әлі күнге дейін сақталып, сырын жоғалтпаған.
- Киносүйер қауым өз демалысын Рига қаласында өткізе алады. Бұл қалада кеңес кинофильмдерінен көрген көшелерді аралап, көгілдір экран арқылы таныс аудандарды таба аласыз.
- Ақшасын жаңа дүниеге жаратуға құмар жандар демалыс күндері Осло қаласына аттанса болады. Норвегия астанасындағы дүкендер мен орталықтарда тауар бағасы неғұрлым қымбат болса, соғұрлым тауар сапасы жоғары болады.
- Осло қаласымен қатар, дүкен аралауға құмар жандар демалысында Стамбул қаласына жол тартса болады. Стамбул қаласының әр ауданында орналасқан дүкендер мен сауда орталығында маусым сайын жеңілдіктер уақыты болады. Мамыр айында болатын шоптурдан қапы қалмаңыз!
- Тамақты талғап жейтін жандар мамыр айындағы демалысын Барселона қаласында өткізе алады. Бұл қалада жергілікті аспазшылар сізге каталония асханасының тағамдарын ұсынады. Мейрамханаларда томат қосылған наннан ауыз тиіп, кофеханалардан ыстық шоколадпен кофе ішіп, Бокерия базарынан тәтті тағамдардан дәм татасыз. Демалысыңыз тойымды әрі жайлы өтеді.
- Суда жүзуді аңсап жүрген жандар ат басын Будапешт қаласына бұрса болады. Бұл қала үлкен бальнеологиялық шипажайымен танымал. Жергілікті монша мен бассейндерде тиімді бағамен демала аласыз.
- Түнгі клубтар мен сәнді жиындарды сүйетін жандар мамыр айындағы демалысын Таллин қаласында өткізе алады. Эстония астанасының ақшамы әркез қызықты әрі думанды кештерге толы.
Мамыр айындағы демалысыңызды Еуропа елінде өткізуді жоспарласаңыз, қазірден бастап шенген визасын рәсімдеуге асығыңыз. Себебі, визаға алдын ала, шамамен, 1,5-2 ай бұрын тапсырыс беру қажет. Әуебилеті мен қонақүй бөлмелеріне алдын ала тапсырыс берсеңіз, сіздің шығыныңыз 30-40%-ға төмендейді. Бұл сіздің демалысыңызға кететін қаражаттарды үнемдеудің бір жолы.
Демалысыңыздың жайлы әрі жақсы өтуі үшін оңтайлы демалудың жолдарын естен шығармаңыз. Сәт сапар!
Сурет www.r52.ru ғаламтор бетінен алынған
Ғ. Ұзақ