Қонақүйдегі бөлме түрлері
Дүниежүзіндегі барлық қонақүй бөлмелерінің түрлері бірдей деуге болады. Бөлмелер бір-бірінен атаулары бойынша ғана ерекшеленеді. Демалысыңызды жоспарлап, сапарға аттанбас бұрын ең бастысы жайлы қонақүй бөлмесін таңдап алыңыз. Ал, қонақүй таңдаған кезде қысқартылған сөздер мен терминдерге кезігеріңіз сөзсіз.
| MB (Main Building) | Қонақүйдің басты ғимараты |
| HV (Holiday Village) | Бунгало кешеніндегі қонақүй. Бірінші және екінші категориялы болып бөлінеді (HV1 и HV2) |
| BGL, BG (Bungalow) | Басты ғимараттан бөлек орналасқан бунгало. Әдетте бір не екі қабатты болады. |
| Chale | Басты ғимараттың іргесіне салынған үй |
| Cabana | Жағажай не бассейн жанында салынған бунгало іспетті шағын үй. Бұл үй басты ғимараттан бөлек орналасқан |
| Cottage | Коттедж |
| Executive Floor | Қызмет көрсету дәрежесі жоғары қонақүйдегі бір немесе бірнеше қабаттар |
Халықаралық стандартта көрсетілген қонақүй бөлме түрлері
| SGL (Single) | Бір орынды бөлме |
| DBL (Double) | Екі орынды бөлме. Бұл бөлмелерде екі кісілік үлкен төсек не жеке-жеке екі төсек болады. |
| TRPL (Triple) | Үш орынды бөлме (әдетте, екі төсек + жиналмалы төсек не диван) |
| QDPL (Quadriple) | Төрт орынды бөлме |
| ExB (Extra Bed) | Қосымша төсек |
| Chld (Child) | Балаларды орналастыру құны |
| ВО (Bed Only) | Тағамсыз орналасу |
| ROH (run of the house) | Қонақүй қызметкерлерінің шешіміне байланысты орналасу |
Қонақүй бөлмелерінің классификациясы
| STD (Standart) | Стандартты бөлме |
| BDR, BDRM (Bedroom) | Жатын бөлмесі бар бөлек бөлме |
| Superior | Стандартты бөлмеден үлкенірек бөлме |
| Corner room | Бұрыштағы бөлме |
| Studio | Студия, асүйі бар стандартты бөлмеден үлкенірек бөлме |
| Family Room | Стандартты бөлмеден үлкенірек отбасылық бөлме |
| Family studio | Іргелес бөлмелері бар отбасылық бөлме |
| Extra Bed | Қосымша төсек |
| Suite | Жатын және қонақ бөлмелері бар стандартты бөлме |
| Suite mini | Үздік категориядағы бөлме |
| Junior suite | Екі орынды үлкен бөлме |
| De luxe | Қымбат жиһаздармен жабдықталған екі орынды үлкен бөлме |
| Executive suite, suite senior | Толық жабдықталған екі не одан көп бөлмелі орын |
| Business | Компьютер мен факс сияқты жұмықа қажетті құралдармен жабдықталған үлкен бөлме |
| Honeymoon Room | Жас жұбайларға арналған бөлме |
| Connected Rooms | Біріккен нөмірлер |
| Duplex | Екі қабатты нөмір |
| Apartment | Бірнеше бөлмелі пәтерге ұқсайтын орын |
| President | Бірнеше жатын бөлмелері, жеке кабинет, екі-үш дәретханасы бар орын |
| Balcony | Балконы бар бөлме |
Суреттер http://findingneverlandforyou.com ғаламтор бетінен алынған
Ғ. Ұзақ