"Ұрланған" әндер

Меломеннің орындауындағы "Неге жылайды ару" әнін естіген шығарсыз? Естімеген болсаңыз, тыңдаңыз да, Кореялақ Wonder girls тобының "Nobody" деген әніне құлақ түріңіз. Байқадыңыз ба? "Nobody" әні 2009 жылы шыққан, ал "Неге жылайды ару" әні 2012 жылы шықты. Кім кімнен "ұрлағаны" белгілі шығар, иә? Тағы да қандай әндер бар, осындай?

Шынымды айтсам, жалпы әндер бір-бірінен ұрланған емес пе -) Тек қайталанбас Шәмші Қалдаяқов сияқты теңдессіз сазгерлер бір ғасырда бір туады. Бұл жерде мәселе ән айналасындағы адамдар мен әшінің ұятында болып тұр.
Қайта аударып бізге айтқандары жақсы емес пе?! Басқа елдің не туралы ән айтатынын білетін боламыз. :x

Дәл Меломенді алатын болса, аударма емес, сөзінің мағынасы басқа :)
Kim Hyung Joong-ның Kiss Kiss әні мен Ринат Малцаговтың биыл шыққан "Кел-кел" әнін қатар тыңдап көріңдерші. Аузым ашылып қалды менің. Соны ВК парақшасында "жаңа ән" деп қалай жарнамалады? Таза плагиат!